қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2020

№33 кітапхана ұжымы және оқырмандарымен онлайн кездесу

 

2020 жылдың 22 қазанында Алматы қаласы Орталықтандырылған №33 кітапхана бөлімшесі Instagram желісіндегі тікелей эфирінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Жомарт Құдайбергенұлы Симтиковпен онлайн кездесу болып өтті. Кездесуде «Пандемия жағдайындағы саяси-әлеуметтік мәселелер мен оқырмандарды толғандыратын рухани құндылықтар» тақырыбы қозғалды.

 

Ж.Симтиков кез-келген ұлтты және адамды айшықтайтын оның тілі екендігіне тоқталып, патриотизмнің негізгі бренді - тілі болуы керектігі жөніндегі мәселені де назарға алды. Бұл, әсіресе, жастар мен орта буын арасында ауызекі формадан гөрі мемлекеттік деңгейдегі орын алатын кезге жеткендігін айтты. Кездесу соңында профессор жастарға ұсыныс ретінде өзінің сүйіп оқитын шығармалар тізімімен бөлісті.

 

   




Кері оралу