қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2021

«Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың ерекшеліктері туралы» семинар

 

2021 жылы 9 сәуірде Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының профессор Жұлдыз Қабаеваның ұйымдастыруымен докторанттар, магистранттар және оқытушылар үшін «Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың ерекшеліктері туралы» ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинарда келесі сұрақтар қарастырылды: таным объектілері, жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың ерекшелігі мен қазіргі жағдайы, қоғамның ғылымға деген қызығушылығының жандануы.

 

Ғылыми семинардың соңында талқылау жүргізілді, оған көптеген қатысушылар белсенді қатысты.

 

Қатысушылар ғылыми семинар тақырыбы болашақ жас ғалымдар үшін өзекті екенін, бұл семинар ғылымның түрлі аспектілерін неғұрлым терең түсінуге, әсіресе жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар арасындағы айырмашылықтарын, ықпал еткенін атап өтті.

 

  

 

  




Кері оралу