қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2022

Студенттеріміздің жаңа жетістіктері


2022 жылдың 30 наурызында «Өз жұлдызыңды жақ» атты жас мұғалімдер арасындағы дәстүрлі қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Шараға 1-3 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар қатысты. Жас мұғалімдер өзіндік жобаларын, жаңа идеялары мен тұжырымдамаларын ұсынды.


Cайыскерлер портфолиоларымен таныстырды, эссе жазып, өз презентациясын қорғады. Байқау қорытындысы нәтижесінде Алматы қаласы Медеу ауданы мұғалімдері арасынан, эдвайзер, әрі педагогикалық практика жетекшісі, Дүниежүзі тарихы кафедрасының аға оқытушысы Шорманова А.Қ. жетекшілігімен, Тарих және құқық институты «Тарих - дінтану» мамандығының 4 курс студенті Руслан Айткужин 3-ші орынды иеленді.

 

   




Кері оралу