қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2018

Магистранттардың құттықтауы

 

2018 жылдың 6 наурызы күні саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының 1 және 2 курс магистранттары кафедра ұстаздарын 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, концерт ұйымдастырды. «Мәдениеттану» мамандығы бойынша білім алатын дарынды магистранттар өз өнерлерін көрсетіп, домбырамен күй шертіп, әсем әндерін асқақтата шырқады. Концерт Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов алғы сөзімен басталды. Кафедра меңгерушісі Раушанбек Әбсаттаров кафедра ұжымының әйелдер қауымын құттықтады. Концерттік бағдарламаны ұйымдастырып, қоғамдық жұмысқа белсене қатысқан магистранттар алғыс хаттармен марапатталды. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі жоғарғы деңгейде өтіп, ұстаздар қауымы магистранттарға өз ризашылықтарын білдірді.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 




Кері оралу