қазақша · русский · english
 
 
 
11.09.2020

Бастауыш партия ұйымы төрағаларының қатысуымен онлайн-жиын өтті

 


 

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында 9 қыркүйек күні «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олжас Шариповтың басшылығымен ауданындағы барлық Бастауыш партия ұйымы төрағаларының қатысуымен онлайн-жиын өткенін жазды.

 

«Жиын барысында Медеу ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы тыңдалды. Өз кезегімде мен өзімнің сайлауалды бағдарламамның басым бағыттарымен таныстырып өттім. Бағдарламамның негізгі мақсаты - адами капиталды дамыту. Демек, білім беру жүйесін жақсарту, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру, жастар саясатын дамыту мәселелер басты назарға алып отырмын. Біздің университет болашақ педагогтарды даярлайтын еліміздегі ең үздік білім ордасы болып табылады. Біздің студенттер кәсіби біліктіліктіліктер жетілдіру мақсатында мектептерде тәжірибеден өтеді. Төртінші курс студенттеріміз жыл бойы алған білімдерін мектептерде шыңдап, университет тәмәмдағаннан кейін сұранысқа ие маман болып шығады. Біздің білікті ұстаз-ғалымдарымыз оқу бағдарламалары мен оқулықтар авторлары болып табылады. Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында университет оқытушылары мектептермен тығыз байланыс орнатқан. Менің сайлауалды бағдарламамның тағы бір бағыты «өмір бойы білім алу» («Life long learning») ұстанымы негізінде аудан тұрғындарына қосымша білім беру, білімдерін жетілдіру бойынша жан-жақты қолдау көрсету. Сонымен қатар, жастарды қолдау және жастар саясатын дамыту бағыты бойынша алдағы жоспарларымды атап өттім. Бұл жиыннан кейін мен Медеу ауданындағы №172, №168, №12 орта мектептерінің БПҰ мүшелерімен және «Чистый город» ЖШС партия мүшелерімен кездесіп, бірқатар түйіткіл мәселелерді талқыладым», - деп жазды ректор.

 

 

11.09.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com




Кері оралу