қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
17.06.2022

«Жас автор» байқауының жеңімпаздары анықталды


 

Бүгін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының университеттік жылдық жоспары аясында, 1-4 курс білім алушы студенттер мен магистранттарға арналған - «Жас автор» әдеби-шығармашылық конкурсының салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Студент жастардың балаларға арнап жазған әңгіме, ертегі мен новеллаларын Филология және көптілді білім беру институты және «Хәкім Абай» Ғылыми зерттеу орталығы мамандарымен тексеріп, жүлделі орындарын анықтады.


Байқау нәтижесінде, III орынды Филология және көптілді білім беру институтының 3 курс студенті Рауан Әбубікірова иеленсе, II орынды аталған институттың 4 курс студенті Бағып Нұрлыбек иеленді.


Ал жүлделі I орынды Өнер, мәдениет және спорт институтының 2 курс студенті, жас қаламгер Зарина Мәдиқызы қанжығасына байлады.


«Үздік талпыныс» номинациясының жүлдесіне Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студенті Ақсұңқар Алмаханның шығармасы лайық деп танылды. Байқаудың жүлделі шығармалары арнайы жинақ кітапқа топтау жоспарланып отыр.


Жеңімпаздар университет ректорының дипломымен және «Жазғы рухани лагерь» жобасымен маусым айының 20-25 өтетін Абай еліне танымдық экспедициясына тегін қатысатын жолдамаға ие болды. Жүлделі орындарды табыстау рәсімін Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрлановтың қатысуымен жүзеге асты.

 

 

16.06.2022ж.

Ақпарат көзі: Dalanews.kz.

  



3

Кері оралу