қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.04.2020

Құрметті бітіруші курс магистранттары!


Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды аттестаттау 2020 жылдың 4 мамыры мен 24 маусымы аралығында өтеді:
- «UNIVER» жүйесінде плагиат бағдарламасында магистерлік жұмыстарды тексеруден өткізу 2020 жылдың 23 мамырына дейін;
- магистрлік диссертацияларды алдын ала қорғау 2020 жылдың 25-30 мамыр аралығында;
- магистрлік диссертацияны қорғау бейіндік бағыт үшін 2020 жылдың 3-18 маусым аралығында, ал ғылыми-педагогикалық бағыт үшін 2020 жылдың 10-24 маусым аралығында.

Қорытынды аттестаттау кестесі «UNIVER» жүйесінде 2020 жылдың 27 сәуіріне дейін орналастырылады.

Дипломдық және магистрлік жұмыстарды қорғау кестелері тізім бойынша (пофамильно) институттардың сайтында 2020 жылдың 26 мамырына дейін орналастырылады.