қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Сарсенбаева Лязиза Оналбаевна

Сарсенбаева Лязиза Оналбаевна

 

1987 ж. Абай атындағы ҚазПИ үздік бітірді.
1987 ж. Қарағанды педагогикалық институтында педагогикалық іс-әрекетін бастап, кейіннен ғылыми тағылымдаманы Абай атындағы ҚазПИ-де (1990-1991) өтіп, Абай атындағы ҚазПИ-дің аспирантурасын бітірді. 1994 ж. "Көмекші мектеп оқушылар тұлғасының бағыты және мінезінің даму ерекшелігі" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1993 ж. Абай атындағы КазҰПУ-ң психология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 1999 ж. ҚР ІАК психология бойынша доцент атағы берілді. 2004-2012 ж. аралығында Абай атындағы КазҰПУ-ң ішінен ашылған Психология ҒЗИ-да жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды. 2012-2014 ж. Абай атындағы КазҰПУ-ң магистратура және PhD докторантура институтының арнайы білім беру кафедрасында доцент қызметін атқарды. 2015ж. бастап қазіргі кезеңге дейін Абай атындағы КазҰПУ-ң педагогика және психология кафедрасының доценті.
Сабақ беретін пәндері: «Жоғары мектеп психологиясы», «Психология бойынша ғылыми зерттеудің әдіснамасы және әдістері», «Педагог-психологтың әдіснамалық мәдениеті», «Психологияны оқыту әдістемесі», «Психология тарихы», «Қазіргі білім беру технологиялары» және т.б.
Ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен белсенді түрде айналысады. Scopus және WebofScience пен Ресей ғылыми дәйексөз алу индексі бойынша Импакт-фактор журналдарында шыққан мақалаларды қосқанда 100-ден астам басылымдары жарияланған.
10 оқу-әдістемелік және оқу құралдарының авторы болып табылады. Оның ішінде «Тұлға психологиясы», «Тұлға бағытының психологиясы», «Арнайы психология», «Психологиялық-педагогикалық зерттеудің негіздері: әдіснама және әдістер».
Л.О. Сарсенбаевмен «Психология», «Педагогика және психология», «Дефектология» мамандықтардың пәндері бойынша 15 астам типтік бағдарламалары дайындалған.
Абай атындағы КазҰПУ-ң 80-жылдығының құрметіне байланысты Абай атындағы КазҰПУ-ң грамотасымен (2008ж.), «Үздік ұстаз» медалімен (2016ж.) марапатталды.

 

 

 


← Кері оралу