қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Тұралбаева Алмаш Тұрғанбайқызы

Тұралбаева Алмаш Тұрғанбайқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында №192 орта мектепті бітірдім.

1995-1999ж.ж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті, педагогика және психология факультетін

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология институты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарадым.

2001-2003ж.ж. Абай атындағы АлМУ, Педагогика ғылымдарының магистрі, магистратураны (үздік) бітірдім;

2003-2005ж.ж. Абай атындағы ҚазҰПУ, педагогика мамандығының күндізгі бөлім аспирантурасын бітірдім

2011-2014ж. Абай атындағы ҚазҰПУ, Магистратура және PhD докторантура институты психологиялық-педагогикалық мамандықтар кафедрасының PhD докторанты. 2014 ж. PhD доктор ғылыми дәрежесін алдым;

2014-2015 оқу жылдары Алматы университетінің педагогикалық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі;

2015-2016 ж.ж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы;

2016-2019 ж.ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ, Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқардым.

100-ден астам жарияланған ғылыми еңбектері бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді. 

 

БІЛІМ

 

Біліктілігі

 

Бітіру күні

 

Абай атындағы АлМУ

Бакалавриат

Бастауыш сыныптар мұғалімі

1999

Абай атындағы АлМУ

Педагогика ғылымдарының магистрі

2003

Абай атындағы ҚазҰПУ

Күндізгі бөлім аспирантурасы

2005

Абай атындағы ҚазҰПУ

PhD докторантура

2014

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Философия PhD докторы ғылыми дәрежесін

«Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы жағдайында дарынды балаларды тәрбиелеу» 6Д010200

2015. 1 сәуір

Бұйрық № 420

ҒД№ 0000795

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі

Магистратурада: магистранттарға жетекшілік етеді.

Докторантурада: докторанттарға жетекшілік етеді.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

-ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында 100-ге жуық ғылыми еңбектері (ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынатын басылымдарда, шетелдік, отандық халықаралық ғылыми конференцияларында, халықаралық ғылыми журналдарда Ресей, Украина, Түркия, Польша, Италия, Чехия, Кипр және т.б.) жарық көрді;

- Ересектерге білім беруде ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Теоретико-методологические основы профессионального развития научно-педагогических кадров на этапе послевузовского образования» атты тақырыптағы іргелі жобасының ғылыми зерттеушісі; (2012-2014ж.)

- Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының гранты: «Теоретико-методические основы развития лидерских качеств о обучающихся» атты тақырыптағы қолданбалы жобасының зерттеушісі; (2013-2014ж.)

7 мақала импакт-факторы бар журналдарда  жарияланған (Construction of Dual System of Preparation of  Engineering-Pedagogical Personnel at Higher Education Institute. Astra Salvensis, №13, 2019, ISSN 2393-4727,ISSN-L 2344-1887, 345-359.(Q2))

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

- Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы жағдайында дарынды балаларды тәрбиелеудің негіздері Әдістемелік құрал. - Алматы, 2014ж.

- Педагогикалық зерттеу жұмыстарының ғылыми аппаратын құрастырудың үлгілері. Әдістемелік құрал. - Алматы, 2015ж.

-2-сынып Диктанттар жинағы (жаңартылған білім мазмұны бойынша) Атамұра баспасы. - Алматы, 2017ж.

- Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауышта оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. Әдістемелік құрал. - Алматы, 2017ж.

 

МАРАПАТТАРЫ

Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының «Құрмет грамотасымен»,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ АОБПҚБАИ-ның «Құрмет грамотасымен»,

ҚР білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

 


← Кері оралу