қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Рыстығұлова Венера Ботабайқызы

Рыстығұлова Венера Ботабайқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Рыстыгулова Венера Ботабаевна 1969 жылдың 25 желтоқсанында Қызылорда облысы, Арал ауданы Қарақұм совхозында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 1976 - 1986 жылдары №59 Қарақұм орта мектебінде оқыды. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойыншша бітіріп, «Физик. Физика пәнінің оқытушысы» біліктілігі берілді. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 01.02.01 - теориялық механика мамандығы бойынша ф.м.ғ.д., профессор А.А.Бековтың жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғады және физика-математика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже берілді. 2006-2009 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті жанындағы докторантурада 01.02.04 - деформацияланған қатты дене механикасы мамандығы бойынша білім алды. Ғылыми жетекші ретінде ф.м.ғ.д., ҚР ҰИА академигі, Нью-Йорк ҒА-ның толық мүшесі А.Н. Тюреходжаев тағайындалды. Докторантурада оқу барысында академик ҚР БжҒМ Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машанатану институтының іргелі зерттеулер ғылыми жобасында жетекші ғылыми қызметкер болды.

Рыстыгулова В.Б. студенттердің түлектік жұмыстарына мен магистрлердің магистрлік диссертацияларына ғылыми жетекшілік жасайды. В.Б.Рыстыгулованың жетекшілігімен ғылыми жұмыс орындаған студенттер мен магистранттар жас ғалымдардың университет ішілік және Республикалық ғылыми жұмыстар конкурстарында жүлделі орындарға ие болуда.

 Рыстыгулова В.Б. 1991-2006 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, факультет деканының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары, «Физика және теориялық механика» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан осы күнге дейін Абай атындағы ҚазҰПУ «Физика» кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметінде жұмыс атқаруда.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Біліктілігі

Бітірген уақыты

С.М. Киров Қазақ мемлекеттік университеті

Физик. Физика пәнінің оқытушысы

1991 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Дипломның берілген уақыты

Физика-математика ғылымдарының кандидаты

01.02.01 - теориялық механика

23.12.1999 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ:

Бакалавриат: Атом, атом ядросы және қатты дене физикасы, Электроника негіздері, Схемотехника, Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу.

Докторантура: Конденсірленген күй физикасының заманауи мәселелері, Физикалық зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз ету.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Зерттеу тақырыбы: Шектелген стационар емес фотогравитациялық үш дене есебі. Пластиналар мен қабықшалардың майысуы. Жарияланымдар саны - 85. Оның ішінде маңыздылары:

Беков А.А., Рыстыгулова В.Б. Об устойчивости частных решений ограниченной нестационарной фотогравитационной задачи трех тел // Вестник КазНТУ им. К.И.Сатпаева № 2(40), 2004 г. С. 108-111.

Тюреходжаев А.Н., Кырыкбаев Б.Ж., Рыстыгулова В.Б., Карибаева Г.А. Деформирование неоднородных  пластин и оболочек // Международная конференция  «Дифференциальные уравнения, теория функций и приложения», посвященная 100-летию со дня рождения академика И.Н.Векуа, Новосибирск, 28 мая-2 июня 2007 г. С. 5-6.

Rystygulova V.B. The deformation problem of a circular elastic flexible plate under variable load // MECHANIKA. Volume 19(6). Каунас, 2013. Каунасский технологический университет, Литва. P.627-631.

Рыстыгулова В.Б. Осесимметричный изгиб тонкостенной  сферической оболочки // Доклады НАН РК. Серия физико-математическая. № 4, 2013. С. 25-34.

Тюреходжаев А.Н., Маматова Г.У., Рыстыгулова В.Б. Cложный изгиб упругой неоднородной пластины в неравномерном температурном поле // Вестник Карагандинского университета, № 2(74)/2014, Серия МАТЕМАТИКА. C.135-140.

Rystygulova V.B., Khamrayev Sh.I. Аbout solution of the damped oscillations // Eurasian physical technical journal. Volume 12, No. 1(23), 2015. Karaganda State University, 2015. Р.20-24.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

Мұқашев Қ.М., Рыстығұлова В.Б. Электр тізбектері және электротехника (оқу құралы): Абай атындағы ҚазҰПУ баспасы, 2011ж. Алматы. ISBN 978-601-232-539-3. - 236 бет

Рыстыгулова В.Б. Рентген техникасы негіздері (оқу құралы) Алматы: «Ұлағат» баспасы. Абай атындағы ҚазҰПУ, 2012 ж. ISBN 978-601-232-509-6. - 152 бет.

Рыстыгулова В.Б. Механика (Оқу құралы) Алматы: Альманах 2017. - 128 б.

Рыстыгулова В.Б., Кинжебаева Д.А. Electronics Workbench программасында орындалатын «Электроника негіздері» пәнінен зертханалық жұмыстар. 1 бөлім. Аналогтық электроника (Оқу құралы) Рекомендованный УМО РУМС КазНПУ им. Абая. Алматы: Ұлағат, 2020. - 64 б.

Рыстыгулова В.Б., Кинжебаева Д.А. Лабораторные работы по дисциплине «Основы электроники» с помощью программы Electronics Workbench. Часть 1. Аналоговая электроника. (Учебное пособие). Рекомендованный УМО РУМС КазНПУ им. Абая. Алматы: Ұлағат, 2020. - 64 б.

 

МАРАПАТТАРЫ

2015 жылы Рыстыгулова В.Б: университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқаны және қажырлы еңбегі үшін «Үздік тәрбие жетекшісі» төсбелгісімен марапатталды.

 


← Кері оралу