қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Айтқазы Сажида

Айтқазы Сажида

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ  ҚХР Пекин қаласы Орталық ұлттар университетінің филология факультетінде бакалавр және магистратурада білім алған. ҚХР, Шинжаң раддио-телевизия университетінде оқытушы және Шинжаң халық радиосында журналист, аудармашы болып жұмыс атқарған. 2005 жылы тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударған.

2005 - 2012 жылдары Абылай хан атындағы Казақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде оқытушы болып жұмыс атқарған. 2011жылы 6D021000 - шетел филологиясы мамандығы бойынша PhD докторлық диссертациясын қорғаған.

2012 жылдың желтоқсанынан бастап, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің PhD докторы, аға оқытушы міндетін атқарып келеді.

50-ден астам жарияланған ғылыми еңбектері бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді. 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

 ҚХР Пекин қаласы Орталық ұлттар университеті

 

1996

ҚХР Пекин қаласы Орталық ұлттар университетінің филология факультеті

 Магистр

2001

Абылай хан атындағы Казақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті

Магистр

2008

Абылай хан атындағы Казақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті

Докторант

2011

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Филология ғылымдарының магистры

 Шетел филологиясы

2008

Филология ғылымдарының PhD докторы

6D021000 - шетел филологиясы

2011

 

ҒЫЛЫМИ  АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау күні

 

PhD докторы, аға оқытушы

2012

 

 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Әлеуметтік лингвистика және мәдениет аралық қарым-қатынастағы лингвомәдени негіздері, Академиялық мақсаттағы шетел тілі, Мамандандырылған  кәсіби шет тілі, Негізгі шет тілінің тәжірибелік курсы, Базалық шығыс/қытай тілі т.б. сабақ береді.

Магистратурада: «Классикалык шығыс филологиясы», «Шығыс елдерімен әдеби байланыс мәселелері», «Арнайы мақсатқа арналған  қытай тілі», «Шетел тілін лингвомәдени негізде оқыту», «Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді лингвостилистикалық талдау», «шығыс тілі когнитивті-коммуникативті аспект», «шетел тілі (екінші) қытай тілі», «деректану және мәтінтану мәселелері»;

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

- 50-ден аса ғылыми басылымдар, «Концепт» авторлық бірлестікте жинақ кітап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, . -Астана:2013 ж.

Бір мақала импакт-факторы бар журналдарда  жарияланған (AD ALTA: Journal of Interdisciplinary Research - 09/01-VII, ISSN 1804-7890,154 pages) 

 

 

 

 


← Кері оралу