
Негізгі бет
Жаңалықтар
07.02.2025 Абай университеті Eco Network ұйымымен ынтымақтастық орнатты 2025 жылдың 7 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Eco Network ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Кездесу барысында университеттің тұрақты даму мақсаттарына адалдығын нығайту және экологиялық бастамаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Университет басшылығы мен Eco Network өкілдері білім беру саласында экологиялық жобаларды бірлесе іске асыру, студенттерді, профессор-оқытушылар құрамын және қызметкерлерді тұрақты даму мәселелеріне тарту бойынша маңызды мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
Экология саласындағы сұранысқа ие сарапшы және Eco Network негізін қалаушы Евгений Мухамеджанов өз кезегінде университетімізде «Жасыл кеңсе» жобасы аясында қызметкерлерді оқыту, ішкі эко-клуб құру, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету және консультациялар өткізу арқылы экологиялық бастамаларды ілгерілетуді ұсынды. Сонымен қатар, экологиялық тимбилдингтер, конкурстар мен іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қызметкерлерді экологиялық мәдениетке тарту мәселесі де қарастырылды. Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және университеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған бұл кездесу Abai University-дің тұрақты даму қағидаттарына беріктігін тағы бір мәрте дәлелдеді
Стратегия Департаменті
|