қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.02.2025

«Өлеңге жан бітірген Мұқағали» поэзиялық байқауы


2025 жылдың 8 ақпанында «Шоқан Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» КММ-де педагогикалық оқу тәжірибесінен өтіп жатқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, «Бастауыш білім беру» оқу бағдарламасының 3 курс студенттері ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Өлеңге жан бітірген Мұқағали» атты 1-2 сынып оқушылары арасында поэзиялық байқауын ұйымдастырды.

 

Байқаудың мақсаты - қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның шығармашылығын мектеп табалдырығынан бастап білім алушыларға дәріптеу болды.

 

Айта кетейік, байқаудың ұйымдастырушылары: Бастауыш білім беру кафедрасының тәжірибе әдіскерлері М.Т Бекбаева, Б.У Есентаева, Д.Б. Самбет.

 

 

 

  alt=   alt=

 

  alt=