қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2025

Кәсіпкер Сырымбек Таудың Абай университеті жастарымен кездесуі


2025 жылдың 15 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде елге танымал кәсіпкер, мотивациялық спикер, «Tау Group» компаниясының негізін қалаушы Сырымбек Таудың студент жастарға арналған қоғамдық дәрісі өтті. Шараны университеттің Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен Педогогикалық академия бірлесе ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында Сырымбек Тау өз өмір жолы, кәсіпкерлік саласындағы алғашқы қадамдары, кездескен қиындықтарын жеңудегі тәжірибесі жайлы шынайы әрі әсерлі әңгіме өрбітті. Ол жастарға табандылық, еңбекқорлық пен мақсатқа ұмтылудың маңыздылығын атап өтіп, нақты мысалдар келтірді.

 

Студенттер спикерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Кездесу еркін форматта өтіп, жылы әрі мотивациялық атмосферада жалғасты.

 

Шараның негізгі мақсаты - жастардың бойында кәсіпкерлікке деген қызығушылықты оятып, оларды өзін-өзі дамыту мен жауапкершілікке шақыру болды.

 

Сырымбек Тау кездесудің соңында жастарды үнемі ізденісте болуға, білімге және жаңа идеяларға ашық болуға шақырды. Кездесу қатысушылары шарадан ерекше әсер алып, мотивациямен тарқасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=