қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Қазақбаева Гүлнұр Ысқақбекқызы

Қазақбаева Гүлнұр Ысқақбекқызы

Білімі: жоғары, ғылыми-педагогикалық
2006-2008жж. - «Педагогика және психология магистрі», «Педагогика және психология оқытушысы», Абай атындағы ҚазҰПУ (үздік диплом);
2003-2006жж. - «Педагогика және психология бакалавры», Абай атындағы ҚазҰПУ (үздік диплом);
2000-2003жж. - «Әлеуметтік педагог» мамандығы, №1 Алматы педколледжі (үздік диплом).
Еңбек қызметі:
2018ж. - «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ;
2015-2018жж. - Ғылым департаменті, ҒЗЖ, СҒЗЖ және жаңартпа бөлімінің инспекторы, Абай ат.ҚазҰПУ;
2011-2015жж. - «Превентивті суицидология» ғылыми-техникалық зертханасының инспекторы, Абай атындағы ҚазҰПУ;
2009-2011жж. - «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ;
2008-2009жж. - «Психология және әлеуметтік педагогика» кафедрасының оқытушысы, Абай ат.ҚазҰПУ.
Кәсіби жетістіктері:
Мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогтарға арналған оқу және тәжірибелік-жаттығу бағдарламалары әзірленді: әлеуметтік-психологиялық тренингтер, топтық және жеке тұлғалық тренингтер, стрестік төзілімділікті қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту және өзін-өзі бағалауды арттыру және т.б. (мемлекеттік және орыс тілдерінде).
Украинаның, Ресейдың, Болгарияның импакт-факторы бар ғылыми журналдарында, ҚР БҒМ БҒС БК және ҚазСБ тізіміне кіретін журналдарда мақалалар жарияланды. Жақын шетелдің халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларына баяндама дайындап қатысты, сонымен қатар заманауи жастардың психологиялық денсаулығын қалыптастыруға арналған және SCOPUS, Thomson Reuters халықаралық базасына енген импакт-факторы ғылыми журналдарға мақала жариялаудың тәртібіне байланысты ғылыми семинарларға белсенді қатынасты.
Оқу-құралдары басып шығарылды (авт.бірл.):
- Психодиагностикалық әдістемелер, әлеуметтік-психологиялық тренингтер. Оқу-құралы, Алматы қ., «БАҰО «Өрлеу», 2014 ж., - 104б.;
- Психофизиология поведения и стрессоустойчивость современной молодежи. Учебное пособие, КазНПУ им. Абая, 2013 г., - 96с.;
- Мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығын превентивті алдын алу. Оқу-құралы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2012 ж., - 102б.;
- Психолого-педагогическая интервенция острых кризисных состояний в подростковом возрасте. Учебное пособие, Алматы: КазНПУ им. Абая, 2011 г., - 150с.;
- Основы военной психологии. Учебно-методическое пособие, Алматы, 2010 г., -156с.
Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысты:
- «TEMPUS LMPSM» халықаралық жобасы «Қазақстандағы мигранттармен жұмыс жасауға арналған әлеуметтік психология бойынша екідеңгейлі жүйені дайындау» /Франция, Румыния/, 2013-2015жж;
- «Студенттердің стрестік төзімділігін психофизиологиялық мониторингтеу және алдын алу», Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының гранты, 2013ж.;
- «Оқушылардың психикалық денсаулығын превентивті алдын алу және интервенциялаудың ақпараттық технологиялары», Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының гранты, 2012ж.;
- «Білім беру мекемелеріндегі превентивті суицидологияның психологиялық-педагогикалық ілеспесі», Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының гранты, 2011ж.
Ғылыми қызығушылығы: практикалық психология, психологиялық тренингтер, күйзеліс психологиясы, психодиагностика, психологиялық менеджмент.


Қосымша ақпарат:
- Техникалық біліктер: Windows Internet Explorer, Word 2007, 2010, Excel 2007, 2010, PowerPoint, "PREZI" - Presentation Software (3D - слайд) интербелсенді тақтамен және проектормен жұмыс.
- Шет тілдерін меңгеру: ағылшын тілі - әңгімелесу (аударма), қазақ және орыс тілдері - жетік.
- Жеке және іскерлік қасиеттер: жауапкершілік, ұқыптылық, креативтілік, мейірімділік, адамгершілігімен және кішіпейілдігімен әріптестер мен студенттер арасында беделге ие.

 


← Кері оралу