қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Жақсыбекова Әсем Серікқызы

Жақсыбекова Әсем Серікқызы

 

Жақсыбекова Әсем Серікқызы Павлодар облысында дүниеге келген. С.Торайғыров атындағы ПМУ «Математика және физика» мамандығын бітірген. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Математика» мамандығы бойынша магистратурада оқыған. Орта мектепте, колледждерде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Германия елінде тағылымдамадан, Алматы қаласы «НЗМ» ДББҰ филиалы ПШО, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалында біліктілік арттыру курстарынан өткен. Әртүрлі ғылыми-әдістемелік журналдарда мақалалары жарияланған, ғылыми және оқытушылық қызметті үйлестіріп отыр.

 

БІЛІМІ:

Оқу орны

Біліктілігі

Бітіру күні

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Математика және физика мұғалімі

2003 ж.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Математика магистрі

2014 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ:

Академиялық  дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

«Математика магистрі» академиялық дәрежесі

«Математика» мамандығы

2014 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ: «Математика», «Математикалық сауаттылық» пәндері

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ: 4 ғылыми мақаланың авторы. Оның ішінде, 3-еуі Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар материалдары жинағында, 1-еуі республикалық ғылыми-педагогикалық журналда жарияланған.

1. Использование компьютерных обучающих программ при решении математических задач //«Оқу әдебиеттерін әзірлеу, сараптама, апробация, мониторинг жүргізу және басып шығару жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жаңғырту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (30 қазан 2012 ж.). - Астана: «Оқулық» РҒПО, 2013. - Б. 423-425.

2. Электрондық оқу басылымы - математиканы оқытудың тиімді құралы //«Білім - Образования» республикалық ғылыми-педагогикалық журналы. - №3 (62). - Астана:Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2012. - Б. 48-55.

3. Математика сабағында электрондық оқыту бағдарламаларын пайдаланудың тиімділігі //«Қазіргі математикалық білім: теориясы, әдістемесі, тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары (28-29 маусым 2013ж.). - Кокшетау: КГУ им. Ш.Ш.Уалиханова, 2013. - Б. 247-251.

4. Жалпы орта білім берудің жаңартылған білім мазмұнын анықтау //«Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы (6-7 желтоқсан 2013 ж.). - Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013. - Б. 207-212.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ:

«Оқушыларды математикалық есептерді шығаруға үйретуде электрондық оқу құралдарын тиімді қолдану әдістемесі», «Жаңартылған орта білім беру аясында оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылығын дамыту», «Мектеп оқушыларының математикалық есептерді шығаруға үйретудің әдістемелік негіздері» тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

 


← Кері оралу