қазақша · русский · english
 
 
 

 

Университет қызметінде халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор. Абай атындағы ҚазҰПУ - 11 беделді халықаралық ұйымдардың ұжымдық мүшесі. Біз әлемнің 29 елінің жоғары оқу орындарымен 140+ келісімшарт жасадық, оның ішінде QS WUR TOP-500 рейтингісінің құрамына кіретін 20 әлемдік жоғары оқу орындарымен келісім бар. Олардың қатарында келесі серіктес университеттер кіреді: Пенсильвания мемлекеттік университеті, Цукуба университеті, Фридрих Александр атындағы Эрланген және Нюрнберг университеті, Бейжің Біріккен Университеті және тағы басқа.


Халықаралық келісімдердің едәуір бөлігі бұрынғыдай кең ауқымды ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырады: академиялық алмасулар, тағылымдамалар, бірлескен зерттеулер, қос дипломдық бағдарламалар, конференциялар, семинарлар, қысқы және жазғы мектептер ұйымдастыру мен өткізу. Осылайша, жыл сайын Абай атындағы ҚазҰПУ -нің жүздеген студенттері алмасу гранттық бағдарламаларына, ғылыми тағылымдамаларға, әлемнің жетекші университеттерінің жазғы және қысқы мектептеріне қатысады.

 

Халықаралық алмасу бағдарламаларының ішіне:
- Erasmus + бағдарламасы
- Франкофондық елдер университетінің агенттігі бағдарламалары
- Мевлана бағдарламасы
- «Абай-Верн» бағдарламасы
- DAAD жобалары кіреді.


Халықаралық білім беру жобалары:

- GEKAVOC неміс-қазақ бірлескен жоба
- «Мәліметтерге негізделген және ұйымдық мәдениетке негізделген мұғалімдерді оқыту» Сакраменто Калифорния мемлекеттік университетімен бірлескен жоба (Калифорния, АҚШ)
- Erasmus + PPVO KazDUAL бағдарламасының жобасы (Қазақстанда дуалды жүйені енгізу)
- «Тұрақты даму үшін білім берудің азиялық орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы климаттың өзгеруі бойынша мұғалімдердің білімін ілгерлету» атты Окаяма университетімен бірлескен жоба (Жапония).

 

Әлемнің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен және ұйымдарымен стратегиялық серіктестік пен желіні дамыту Абай атындағы ҚазҰПУ -нің негізгі міндеттерінің бірі болы табылады.


Сондай -ақ, халықаралық ұйымдармен, ғылыми орталықтармен және өкілдіктермен серіктестігіміз бар:
- Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі;
- Францияның Қазақстан Республикасындағы Бас консулдығы;
- Франкофондық университеттер агенттігі (AUF);
- Францияның Орталық Азияны зерттеу институты;
- Франция ұлттық шығыс тілдері мен өркениеті институты;
- «Астана» халықаралық қаржы орталығы;
- Сауда-өнеркәсіп палатасы Франция-Қазақстан;
- Француз альянсы;
- DAAD ақпараттық орталығы;
- Erasmus + бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық офисі;

 

Халықаралық ынтымақтастықтың тағы бір бағыты - мәдени-ағарту орталықтарын құру. Орталықтардың миссиясы - Абай Құнанбаевтың мұрасын кеңінен насихаттау, өлкетану, Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша түрлі семинарлар, сабақтар өткізу. Абай орталықтарының қызметі халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне интеграциялануға, тығыз ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға, имидждік саясатты жүзеге асыруға және Абай атындағы ҚазҰПУ-ді шетелде ілгерілетуге ықпал етеді. Университет Қытайда, Вьетнамда, Түркияда, Ресейде, Польшада Абайдың 6 халықаралық білім беру орталығын ашты.


Абай атындағы ҚазҰПУ-мен серіктес университеттері

 

 

109