қазақша · русский · english
 
 
 
03.03.2021

Іле ауданы мектептері оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні»

 

2021 жылы 2 наурызда Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасы мен саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастырумен Іле ауданының білім бөлімі, Іле ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Тарих және құқық институтының директоры Әділ Жүнүсов іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкері Орманова Ақтілек 2021 жылғы ҰБТ-ны өткізу ерекшеліктері туралы ақпарат берді. Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратказин Абай атындағы ҚазҰПУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сыйы-2021» республикалық пәндік олимпиадасының ережесі бойынша ақпаратты, сондай-ақ Тарих және құқық институты директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев институттағы студенттерге арналған үйірмелер, клубтар мен оқуға берілетін жеңілдіктері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қуанышбаева Жазира мектеп оқушыларын кафедрадағы білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Руслан Сейтказиев және Еңлік Нұрмұқан 2021 жылғы ҰБТ тестілеуінің Қазақстан тарихы мен әлем тарихы пәндері бойынша сұраққа дайындалу принциптері, сонымен қатар кафедрадағы білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге арналған пайдалы кеңестер мен ақпарат туралы айтылды. Іс-шара барысында әлем тарихы кафедрасы мен саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының білім беру бағдарламалары туралы видеоролик көрсетілді.

 

Іле ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11 сынып оқушылары кафедрада дайындалатын мамандықтар бойынша мол мағлұматтар алып, өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып сол сұрақтарға бірден жауап алды. Іс-шара соңында Іле аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Баченов Оралбек осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін әлем тарихы кафедрасы мен саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушілері мен оқытушыларын өз алғысын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу