қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2022

Студенттер мен магистранттар арасында республикалық ғылыми жұмыстар конкурсы өтті

 

2022 жылдың 6 сәуірінде Ғылым декадасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасы қазақтың көрнекті мемлекет, саяси және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай студенттер мен магистранттардың арасында Республикалық ғылыми жұмыстардың конкурсын өткізді. Іс-шараға Алматы қаласында орналасқан ЖОО-ның студеттері мен магистранттары қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарын онлайн және офлайн форматта қорғады.

 

Әлем тарихы кафедрасымен бірге осы конкурсты Университетіміздің «Рухани Жаңғыру» орталығы ұйымдастырға және өткізуге белсенді атсалысса, ал университет қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйымы жүлделі орындарға ие болғандарға ақшалай сыйақы тағайындады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу