қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2018

 

Олимпиада женімпаздары-тарихшы «Жерұйық» командасы

 

2018 жылдың 30 наурызында Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болған 5В020300 - «Тарих» мамандығы бойынша X Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына Тарих және құқық институтының әлем тарихы кафедрасының жанындағы «Жерұйық» командасы қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды.

 

Студенттер Құсбақ Ырысқа, Ернұр Бейсембаевқа, Маржан Қыдырмановаға, Тоқтасын Нұрқанатқа 2 дәрежелі дипломмен қатар, қатысушы сертификаты тапсырылды. Команданы X Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына жоғары деңгейде дайындағаны үшін ғылыми жетекші әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Мереке Тулекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алғыс хатымен марапатталды.

 

  

 

  

 

  




Кері оралу