қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2021

Педагогтарға арналған шеберлік сынып


Кәсіби даярлау бөлімі Бастауыш білім беру бағдарламалары мен Қапшағай қаласы А.Жұбанов атындағы МДМО бар № 5 орта мектеппен ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойылды.

 

Аталмыш ынтымақтастық аясында оқу үдерісіне жобалау әрекетін (жобалау әдісін) ендіру мәселесі бойынша бірқатар семинар мен шеберлік сынып өткізу жайлы шешім қабылданды.

 

31 наурызда Рябова Е.В. осы мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Дамытушы білім берудегі оқу жобасы» тақырыбында шеберлік сынып өткізді, онда жобаның тақырыбы мен міндеттерін анықтау, кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалау әрекеттері өнімдерін ұсыну мүмкіндіктері жайлы мәселелер талқыланды. Мұғалімдер сыныптан тыс жұмыстарда жобалау әрекетін жүргізу жайлы өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Сонымен бірге, бұл кездесуге В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің студенті Дуплинская Оксана қатысты. Ол қатысушылардың назарына математика, қоршаған орта, көркем еңбек сабақтарында жобаларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша практикалық тәжірибесін ұсынып, олардың сұрақтарына жауап берді.

 

Аталмыш жұмыстың нәтижесі оқу жобаларының тақырыптары мен міндеттерін, мүмкін нәтижелерін ұсыну болып табылады. Барлық материалдар бойынша келесі кездесулерде педагогтар таныстырылымдар дайындап, өз ойларымен бөлісетін болады.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар - Кдырбаева А.А., Рябова Е.В.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу