қазақша · русский · english
 
 
 
22.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері орыс тілінен халықаралық олимпиадаға қатысты

 

2021 жылдың 21 желтоқсанында онлайн форматта «6В01303 - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» мамандығының күндізгі және қашықтан оқыту бөлімдерінің 1-ші курс студенттері Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университеті бастауыш мектеп факультеті, бастауыш тілдік білім берудің теориялық негіздері мен технологиялары кафедрасының бастамасымен орыс тілі пәнінен халықаралық олимпиадаға қатысты.


Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

- оқушылардың орыс тіліне деген танымдық қызығушылығын арттыру;

- орыс тілі саласында қабілетін көрсеткен білімалушыларды мадақтау;

- әртүрлі пәндік салаларда табысқа жету үшін орыс тілін үйренудің практикалық маңыздылығын көрсету.

 

Қатысушылар қазіргі орыс тілі нормаларына сәйкес лексикалық және грамматикалық құралдарды қолданудың дұрыстығын бағалауға мүмкіңдік беретін лингвистикалық тапсырмаларды орындады. Тапсырмаларды орындау ұзақтығы 90 минут.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан олимпиаданың қазылар алқасы мен бірлескен ұйымдастырушылары - Педагогика және психология институтының бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің оқытушылары Аренова А.Х., Лебедева Л.А., Рябова Е.В., Сафаргалиева А.И.

 

   




Кері оралу