қазақша · русский · english
 
 
 
26.03.2018

Шығармашылық сайысы

«Қалдық заттардың екінші өмірі»

 

2018 жылдың 26 наурызында Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қалдық заттардың екінші өмірі» шығармашылық сайыс өтті. Сайыс мақсаты: бастауыш мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Шығармашылық сайысқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 1-3 курс студенттері қатысты.

 

Бас жүлде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының 2 курс студенттері - Наталья Белова және Виктория Филатова.

 

1 орын - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен 106 топ

2 орын - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының 3 курс студенті Руфина Бадалова, 2 курс студенттері - Малика Джакупбекова және Анна Янина.

3 орын - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының 2 курс студенттері Нұрайым Кенжебекова, Гүлнүр Үдербаева және 3 курс студенті Шахидам Ошаметова иеленді.

 

Шығармашылық сайыс ұйымдастырушылары: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Екатерина Рябова, Мариям Бекбаева, Айдос Абдыкадыров.

 

  

 

  

 




Кері оралу