қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
08.10.2016

 

ҰСТАЗ - ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ


Ұстаз деген ұлы да ұлағатты сөз. Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Осыған орай, Халықаралық ұстаздар күні мерекесіне орай ағымдағы жылдың 5 қазан күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Ұстаз - ұлылардың ұлысы» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

 
Шара барысында университет ректоры, п.ғ.д., академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев барша ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап, жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде ерен еңбектерімен ерекшеленген 52 профессор-оқытушылар құрамын арнай марапаттады. Солардың ішінде «Айрықша еңбегі үшін төсбелгісімен» 2 профессор-оқытушы, «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен 8 профессор-оқытушы, «Үздік ұстаз» төсбелгісімен 22 профессор-оқытушы, «Құрмет грамотасымен» 10 оқытушы марапатталды.
Салтанатты шара барысында университет ректоры және қызметкерлер кәсіподағы ұйымының тағы бір арнайы сыйлығы ұсынылды. Университет қабырғасында ұзақ жылдары еңбек етіп жүрген 10 ардагер ұстаз Сарыағаш ауданында орналасқан «Ақ-бұлақ» шипажайына демалуға мүмкіндік алды.
Мерекелік шара ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер Алма Аманжолованың, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының солисті Венера Алпысбаеваның және университетіміздің өнерпаз студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы

 




Кері оралу