қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
27.07.2021

Вакцинация бойынша акция ұтыс ойындарының жеңімпаздары Капшағайда демалды

 

2021 жылдың 22-24 шілде аралығында COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырып, ұтыс ойындарының жеңімпаздары атанған студенттер Қапшағай жағажайындағы «Ұстаз» демалыс орнына үш күндік демалысқа барып қайтты.

 

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор м.а. Жанатбек Ішпекбаев Қапшағай жағажайына демалысқа баратын студенттерге қауіпсіздік шараларын ұстану бойынша алдын-ала түсндірме жұмыстарын жүргізіп, сапарларына сәттілік тіледі.

 

Демалыс орнына барған студенттер төрт мезгіл тамақтанып, суға шомылып, демалыстарын барынша қызықты өткізуге тырысты.

 

Жеңімпаз студенттерге университет ректорының арнайы сертификаттары табысталды.

 

Үш күнге созылған жағажайдағы демалыс, студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Демалысқа мүмкіндік алған студенттер ректор Дархан Біләловқа және университет әкімшілігіне ризашылығын білдірді.

 

   

 

   

 

   


 




Кері оралу