қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
03.11.2021

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің студент жастармен кездесуі

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің студент жастармен кездесуі өтті.

 

Кездесуге Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасарыДидарбек Ділдәбек, Медеу ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Самат Сүлейменов, Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Мурат Жексембаев, Жергілікті полиция қызметі бөлімінің, учаскелік полиция инспекторының бастығы Айдын Исаев, Кадр бөлімі саясатының инспекторы психолог Диляра Темірболатова қатысты.

 

Шара барысында, студенттер-жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу туралы мәселелер талқыланды. Әсіресе, 1 курс студенттерін жаңа өмірге бейімделу кезеңіндегі сақтық шараларымен таныстыру мәселесі қарастырылды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері студенттік жастардың назарына ұялы телефондарды ұрлау, интернет - алаяқтық және т.б. тақырыптар бойынша баяндамалар жасады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір қылмыс түріне қылмыстық жауапкершілік шаралары айтылды.

 

Іс-шара соңында кездесуде айтылған мәселелер бойынша университет студент жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық тақырыптарында пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сауалдарын жолдады. Полиция қызметкерлері барлық сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар берді.

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті




Кері оралу