қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
15.03.2022

Ашық есік күні

 

2022 жылдың 14 наурызында университетімізге Талдықорған қаласынан ЖШС «INNOVERSE TALDYQORGAN» жеке меншік мектебінің оқушылары келді. Университетімізде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

 

Ашық есік күніне университеттің Басқарама төрағасы - ректор Дархан Біләлов ашып, университеттің еліміздің ұлттық жоғары оқу орнының құрамына енетінін, соның ішінде білім мен ғылым беруде көшбасшы университет екенін ескеріп, білім орданың жетістіктері туралы баяндап берді. Болашақ жас мамандарға сәттілік тіледі. Айта кетерлік, университетіміздің жаңа жобасы «Honorus college» туралы ақпарат айтып өтті. Жас түлектердің жаңа жобаға қызығушылығын арттырды.

 

Модератор Жастар ісі жөніндегі басқарма төрағасы Райымбек Пірәлі жүргізді. Шара соңында жастар ісі жөніндегі басқарама туралы және жастармен университет әр түрлі шаралар және жобалар, қызықты жұмыстар атқаратыны туралы айтып өтті.

 

Шара барысында әр институттан келген оқытушы-ғалымдар, қызметкерлер түлектерді университетіміздің білім беру бағдарламаларымен, әскери кафедрасымен және өзге де институттар жұмысымен таныстырды. Жас жеткіншектер университетіміздің мамандықтары бойынша, оқуға түсу және оқу талаптары туралы білді. Университеттің студенттік өміріне қызығушылық танытып, көптеген сұрақтарға жауап алды.

 

Келген қонақтар, ұстаздар, оқушылар назарына институттар бойынша бекітілген мамандықтар, оқу орнының жалпы тыныс-тіршілігі, жетістіктері жайында презентация ұсынылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу