қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
31.03.2017

 

"ТӨРЛЕТ ТӨРІМЕ, ӘЗ НАУРЫЗ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ДУМАН

 

               2017 жылдың  22 наурызы күні Медеу ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен  Республика сарайы алаңында   Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай «Төрле төріме, әз Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында алаңға 15 қазақ үй бой көтеріп, түрлі ұлттық тағамдардан ақ дастарқан жайылып, қол өнер шеберлеренің көрмесі ұйымдастырылды.  Медеу ауданының әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаев мерекелік шараға жиналған  аудан тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

    Думанды мереке аясында    Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі және қазақ  эстрадасының жұлдыздары Айжан Нұрмағанбетова, Нұрлан Албан, Кенжебек Жанәділов, Асқар Жүнісбеков сынды әншілердің қатысуымен концерттік  бағадарлама  ұсынылып, «Наурызнама» атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Ұлттық спорт түрлерінен «қазақша күрес», «асық ату», «арқан тартыс», «қол күрес», «ләңгі» және т.б. жарыстар ұйымдастырылды.

    Қаламыздың ең іргелі ауданында өткен  Наурыз думамына ректор, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиевтің басшылығымен  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы да атсалысты. Медеу ауданы әкімі бастаған зиялы қауым «Абай ауылында»  әзірлеген мерекелік дастарғанның құтты қонақтары болып, ұлттық тағамымыз наурызкөжеден дәм тәтті.

   Сонымен қатар қонақтар жас ақындардың Ұлыстың ұлы күніне арнап айтылған жыр шашуын тыңдап, университетіміздің «Нәзік» би тобының орындауында «Қаражорға» биін тамашалады. Сонымен қатар білім ордамыздың бір топ өнерпаз студенттері әуелетіп ән салып, мың бұралып би билеп, қүмбірлеген күй төгіп, қонақтардың көңілін бір серпілтіп тастады. 




Кері оралу