қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Малдыбаев Камиль Бейсекенович

Малдыбаев Камиль Бейсекенович

Малдыбаев Кәміл Бейсекенұлы 1960 жылы 10 қарашада Қырғызстан Республикасы, Кемин ауданында дүниеге келді.
1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша бітірді.
1989 - 1992 жылдары Алматы қаласы, Б.Момышұлы атындағы №131 мектепте бастауыш сынып мұғалімі және мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы болып қызмет атқарды.
1992 - 1997 жылдары Алматы қаласы №123 мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметімен еңбек жолын жалғастырып, 2000 - 2002 жылдары Алматы индустриалды педагогикалық академиясында 0313 - "Кәсіби оқыту және еңбек" мамандығы бойынша диплом иегері атанады.
2001 - 2005 жылдары Алматы индустриалды колледжінде жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасы, "Педагогика және психология" кафедрасында оқытушы, тәрбие және кәсіби бағдарлау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар 2001 - 2005 жылдары аталған колледжде үзіліссіз қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы міндеттерін абыроймен атқарып шықты. Осы аталған жылдары оқытушылармен тәрбие жұмысын үздіксіз жүргізе отырып, көптеген шәкірттерін өнердегі жетістіктерге жетелей білді. Академия және колледж басшылары, Алматы ауданы әкімшіліктері тарапынан көптеген марапаттарға ие болды.
2006 жылы еңбек жолын Абай атындағы ҚазҰПУ - де педагогика және психология факультетінде "Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, педагогика" кафедрасында оқытушы қызметін жалғастырды.
2008 - 2010 жылдары арасында Абай атындағы ҚазҰПУ - дің магистратура және PhD докторантура институтында 6N0105 - дефектология мамандығы бойынша магистрлік диссертацияны "Қазақстан Республикасындағы арнайы педагогиканың тарихы мен даму бағыттары" тақырыбында өте жақсы бағаға қорғап, дефектология магистрі академиялық дәрежесін алып шығады.
2010 - 2011 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ дайындық факультетінде деканның оқу ісі, ғылым және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып шығады.
2011 жылдың қыркүйегінен бастап "Педагогика және психология" факультетінің "Мектепке дейінгі, бастауыш білім беру және педагогика" кафедрасына аға оқытушы лауазымы бойынша қызметке алынады. Содан бері осы ұжымда студенттерге білім беру мен қатар жастарды тәрбиелеу істерін өте сәтті жалғастырып келеді.
Осы қызметімен қоса, 2015 жылдың 01 қыркүйегінен «Педагогика және психология» институтында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
2012 жылы "Педагогикалық менеджмент", "Педагогикалық анимация", "Әлеуметтік жұмыстың кәсіби - этикалық негіздері", "Әлеуметтік жобаны жасау технологиясы", "«Білім беру жүйесін басқару", " Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие процесі", " Этнопедагогика", " Әлеуметтік - педагогикалық менеджмент" пәндерінен дәріс беріп келеді.
Кәміл Бейсекенұлы өзінің еңбек еткен жылдарының ішінде Отандық, шетел басылымдарында қаншама ғылыми мақалалар жазып, ғылымға өз үлесін қосуда.

 

 

 

 


← Кері оралу