қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
21.11.2016

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай «Нұрлы үмітін арқалаған STUDENTS LIVE» атты студенттік

ОНКҮНДІК   

 

2016 жылдың 8-18 қарашасы күндері аралығында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Халықаралық студенттер күніне орай Тәрбие басқармасы және Жастар  ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Нұрлы үмітін арқалаған STUDENTS LIVE» атты  студенттік  онкүндік өтті.  Онкүндік белгіленген кестеге сәйкес жүргізілді.

Атап айтатын болсақ,   28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарына еріктілерді іріктеу мақсатында  «Мен еріктімін» атты акциясы, жас кезінен бастап табысқа жеткен тұлғалармен «Жас келсе іске» атты кездесу, «100 нақты қадам - қарышты даму жолы» ректор кубогына арналған пікірсайыс турнирі, студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Кім жүйрік?» атты велошеру, «Алматы күзі-2016» атты жатақханааралық байқау,  «Шынығып шыңға жетерміз» атты университет жатақханалары арасында минифутболдан турнир, «Ұлы Жібек Жолы ізімен» атты тарихи-танымдық саяхат, «Сұлулық күні» акциясы, «Біз, Тәуелсіздік - Ұланы» студенттер арасында әскери жаттығу сайысы, «QUEST» ойындары өткізілді.  

Жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған бұл шаралардың барлығы дерлік жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Онкүндіктің қорытынды  шарасы 18 қараша күні   «Алматы күзі-2016: Күз Сұлтаны мен Ханшайымы»  атты байқауы  ретінде өткізілді.

Бұл байқау  12-16 қараша күндері аралығында университетіміздің барлық жатақханаларында өткен «Алматы күзі 2016» байқауы жеңімпаздары арасында өткізілді. Байқау келесі талаптардан тұрды.

1.     Таныстыру «Алматыдағы студенттік өмірімнің күзі» тақырыбында кез келген форматтағы таныстыру.

2.     «Күзгі әуен » тақырыбындағы өнер сайысы.

3.     «Біз сіздермен біргеміз!» атты жанкүйерлер  сайысы.

4.     «Күзгі style»  күзгі сән  үлгісін көрсету. Дефиле.

Соңғы байқауға қатысушы жұптардың өнерін бағалап, жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы  әділқазылар тағайындалып, жоғарыдағы талаптарды мүдірмей орындаған үздік жұптар марапатқа       ұсынылды.

Қорытынды шара барысында  «Нұрлы үмітін арқалаған STUDENTS LIVE» атты студенттік онкүндік аясында ұймыдастырылған түрлі байқаулар мен сайыстардың  жеңімпаздары және  шараға белсенді атсалысқан студенттер   марапатталды.  Марапаттардың қатарында:

 «Біз, Тәуелсіздік - Ұланы» атты студенттер арасында  әскери жаттығу сайысының жеңімпаздары:

 ІІІ орынға иегері  -  Өнер мәдениет және спорт институты;

 ІІ орын иегері -  Жаратылыстану және география институты;

 I орын иегері  -  Педагогика және психология институттары.

 

  «Шынығып шыңға жетерміз» университет жатақханалары аясында өткен мини-футбол турнирінің жеңімпаздары:

    ІІІ орын иегері - № 8 жатақхана;

    ІІ орын иегері - №5 жатақхана;

    I орын иегері - №1 жатақхана.

 

«QUEST» ойындарының ауыспалы кубок иегері  - Жаратылыстану және география  институты.  

«Алматы күзі-2016: Күз Сұлтаны мен Ханшайымы» байқауының жеңімпазы:

 ІІІ орын иегерлері -  Бақаев Ерсұлтан, Қаунышева Нұршат (№3 жатақхана);

 ІІ орын иегерлері - Райымов Сүндет, Серікбай Аида (№8 жатақхана);

 I орын  иегерлері -  Нұрзада Естай, Мейрамханова Дана (№5 жатақхана);

 Бас жүлде иешерлері - Сүлеймен Әлбіек, Камалова Алтынай (№2 жатақхана)

Барлық жеңімпаздарға университет және Студенттік кәсіподақ ұйымы тарапынан ақшалай және бағалы  сыйлықтар табыс етілді. 

 

 

 




Кері оралу