қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
28.12.2017

 

Ректор балы - 2018


2017 жылдың 26 желтоқсаны күні университетіміздің барлық білім алушыларына арналған «Ректор балы - 2018» атты жаңа жылдықсалтанатты кеші өтті.

 

Мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан университет бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, барша қатысушыларды жылдың жарқын мерекесімен құттықтап, кіріп келген жаңа 2018  жыл жаңа бастамалар мен мен жаңа жетістіктер жылы болсын деп тілек білдірді.

 

Жыл бойы университетіміздің мәдени іс-шараларында, оқуда және спортта белсенділігімен ерекшеленген жылдың үздік студенттері«UNIVERSAL STUDENT», «Жыл спортшысы», «Жыл әншісі», «Жыл пікірсайысшысы», «Жыл еріктісі», «Жыл ақыны»,«Жыл белсендісі»,«CREATIVE STUDENTS», «Жыл өнерпазы», «INTERNATIONAL STUDENT» сынды арнайы номинциялармен және қаржылай сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар университетіміздебелсенділігімен және шығармашылық қабілеттілігімен ерекшеленген 12 студент университет ректорының құрмет  грамотасымен және 15 білім алушы алғыс хатпен марапатталса, университетіміздің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Менің универстетім» атты шығармашылық байқауының үздік деп танылған бірнеше  студенті  «Үздік эссе», «үздік логотип» және «Үздік әлеуметтік жоба» номицияларымен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

 

Одан әрі мерекелік шара университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты . Концерттік бағдарлама барысында арнайы дайындалған  студенттер тобы балдық вальс билеп кештің көркін қыздыра түсті. Университетіміздің абыройын республика көлемінде танытып жүрген «Апорт» жайдарман тобы көрермендерге сапалы әзілдері арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, «Дара» би тобы кешке жиналған студенттермен флешмоб биледі. Кеш соңы барлық қатысушылардың би кешіне ұласты.

 

  

 

  

 

  

 

  

 

  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент

 

 




Кері оралу