қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
26.02.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ еріктілері «Қайырымдылық керуеніне» қатысты

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Еріктілер жылының ашылуы аясында «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы бастау алды. Акция Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен өтті.

 

Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мәліметін сүйенсек, қайырымдылық акциясы аясында Медеу ауданы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалымен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне азық-түлік тарату етті. Студенттер ардагерлер үйіне барып, себеттерін табыстап, жылы тілектерін білдірді. Өз кезегінде ардагерлер жастарға көңіл бөліп, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар туралы естеліктерімен бөлісті.

 

Ардагерлердің орта жасы - 97-98. Егде жастарына қарамастан, олардың көпшілігі соғыс ардагерлер кеңесінің жұмысына қатысып, жастармен әскери-патриоттық жұмыстар жүргізеді. Еріктілер ардагерлерді қамқорлыққа алуға ұсыныс жасады.

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

26.02.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz