қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
18.12.2020

Маслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушылармен кездесті

 



Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, алдағы саяси науқанға байланысты Үндеу жариялаған болатын. Осыған байланысты 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттығына үміткерлердің үгіт- насихат жұмыстары басталды.


Осы орайда, ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде еліміздегі көшбасшы ұйым - «Nur Otan» партиясының мүшелері, Алматы қаласы маслихаты депутаттығына үміткерлер - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Балықбаев Такир Оспанұлы кездесіп «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

 

Сайлаушылармен кездесуде, Алматы қаласы депутаттығына үміткер Такир Оспанұлы: «Nur Otan» партиясының бағдарламасы - қоғам қажеттілігін толықтай қамтыған. Бұл мемлекеттің қалыптасуынан бастап қолға алынған қайта құрулардың заңды жалғасы» -деп атап өтті.

 

Ерекше тоқталатын жағдай, «Nur Otan»-ның атынан қатысатын партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың 77-сі партияішілік праймериз қорытындысы, 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталған. Жалпы тізімде Мәжілістің қазіргі қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды. Есесіне тізімнің үштен бірін - әйелдер құрайды. Орташа жас бұрынғылармен салыстырғанда 4 жылға төмен, яғни - 48 жас. Осының бәрі, біздің ойымызша, ашықтық пен әділдіктің көрсеткіші және еліміздің қоғамдық және саяси өміріне белсенді, ұлтжанды азаматтардың қатысуына барынша мүмкіндік туғызады.

 

Алдағы Парламент Мәжілісінің және маслихаттардың сайлауына бірауыздан қатысып, өзіміздің Конституциялық құқығымызды жүзеге асырайық. Бұл әрекетімізді тұғыры биік - Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін жасалатын борышымыз деп есептейік.

 

 

18.12.2020 ж.

Ақпарат көзі: kaznau.kz