қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
21.12.2020

Қазіргі тарихи білім берудің мәселелері талқыланады 

 

2020 жылдың 24 желтоқсанында «Қазіргі тарихи білім берудің мәселелері: тәжірибе, сапа, технологиялары» тақырыбындағы гуманитарлық (тарих) пәндер мұғалімдерін даярлау бағытындағы жобаларды басқару тобының отырысы өтеді. Ұйымдастырушы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты. Іс-шараның модераторы - Тарих және құқық институты  әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Асымова Дария.


Гуманитарлық (тарих) пәндер мұғалімдерін даярлау бағытындағы жобаларды басқару тобының отырысы Түркия елінің 29 мамыр Стамбул университеті, «Ресейдің педагогтары: білім берудегі инновациялар» атты Бүкілресейлік форумы, Литва Республикасының Ұлы Витаутас университеті, Павлодар педагогикалық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өкілдерінің қатысуымен өтеді.

 

Тарих және құқық институтының әлем тарихы кафедрасы университет оқытушылары мен университет қызметкерлерін жоспарланған гуманитарлық (тарих) пәндер мұғалімдерін даярлау бағытындағы жобаларды басқару тобының отырысына шақырады: Zoom платформасы

 

Уақыты: 14:00 Алматы уақытымен 

 

Өткізу форматы: Zoom платформасы

https://zoom.us/j/97536738297?pwd=UVZRc29XUjlYY3EyVmVaUDZZZXlEQT09

 

Бағдарлама