Ахмет Байтұрсынұлы атындағы дәрісхана ашылды
2025 жылдың 2 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы дәрісхананың тұсауы кесілді.
Салтанатты шараға университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп, Ахмет Байтұрсынұлының ұрпақтары, сондай-ақ ұлы тұлға атындағы музейдің жетекшісі Райхан Имаханбет бастаған музей қызметкерлері және университеттің оқытушылар-профессорлар құрамы қатысты.
Іс-шара барысында университет ректоры Болат Тілеп құттықтау сөзін сөйлеп, аталған дәрісханада Ахмет Байтұрсынұлы 1928-1929 жылдары қызмет еткенін атап өтті.
Ал шара қонақтары университетке ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Ахмет Байтұрсынұлы. 12 томдық шығармалар жинағының» қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларын, Райхан Имаханбеттің «Ғасыр саңлағы» атты кітабын тарту етті.
Шара соңында университет ректоры 1-курс студенттеріне арналған қоғамдық дәрісін оқыды.







