қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
19.12.2018

Ел дамуына қосқан үлестері үшін марапат

 


 

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсыруға арналған рәсімге қатысты.

 

Г.Әбдіқалықова Мем­лекет басшысының ілтипатына ие болған және еліміздің дамуы­на ерекше еңбек сіңірген аза­мат­тарға ұлттық мерекеміз - Тәуел­сіздік күнінің қарсаңында мем­лекеттік наградалар тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

 

Сондай-ақ ол елімізде ауқым­ды жаңғыру үдерістері жүрг­і­зіліп жатқанын, оның аясында әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылуға бағыт­талған «Қазақстан-2050» Стра­­тегиясы іске асырылып, Ұлт жос­пары, Үшінші жаңғыру және Пре­зи­денттің әлеуметтік бес бастамасы қабылданғанын тілге тиек етті.

 

- Мемлекет басшысы «Қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында және «Ұлы даланың жеті қыры» тұ­жы­рымдамалық мақала­сын­да дамуымыздың жаңа басым­дық­тарын айқындап берді. Осы­­ның барлығы зор жауап­кер­шілік пен жаңа міндеттер жүк­тейді, - деді Мемлекеттік хатшы.

 

Мемлекетке және қоғамға сіңірген еңбегі, халықтар ара­сын­дағы достық пен ынты­мақ­тас­тықты, елдің әлеуметтік-эко­номикалық және мәдени дамуына, ұлттық қауіп­сіздігі мен қорғаныс қабі­летіне қосқан елеулі үлесі үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» ор­дені Қызылорда облысынан кел­­ген «Рза» АҚ президенті С.Ж.Иман­досовқа, «Ардагерлер ұйы­мы» республикалық қоғам­дық бір­лестігі орталық кеңесі төраға­сы­ның бірінші орынбасары Ө.Озған­баевқа, ІІ дәреже­лі «Даңқ» ордені Қауіпсіздік Кеңесінің бөлім меңгерушісі Б.Ж.Құрманбаевқа, «Парасат» ордені «Егемен Қазақ­стан» Республикалық газеті» АҚ бас­қарма төрағасы Д.Қ.Қыдыр­әліге, Абай атындағы Қазақ ұлт­­тық педагогикалық уни­вер­­ситетінің профессоры А.Е.Әбіл­қасымоваға, Президент Әкім­шілігінің бөлім меңгеру­ші­сі М.Е.Дәуешовке, Президент Әкімшілігінің бөлім меңгеру­шісі К.А.Дмитриевичке, Пре­зи­дент­тің Баспасөз хатшы­сы А.Ы.Үкібайға, Алматы об­лысы Балқаш ауданындағы «Бірлік» Агрофирмасы» ЖШС пре­зиденті Ә.Ө.Қыстаубаевқа, Президенттің Баспасөз хатшысы­ның орынбасары Б.Ж.Омаровқа, Еуразиялық даму банкінің Біш­кектегі өкілдігінің дирек­­торы С.Д.Пірімбетовке, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Пре­­зи­денті - Елбасы кітапхана­сы ди­рек­торының бірінші орынба­сары Ә.М.Рахымжановқа, Қазақстан халқы Ассамблея­сы төрағасы­ның орынбасары И.Т.Салжанов­қа, Н.Ті­лендиев атын­дағы Кіші өнер ака­демия­сының дирек­торы Д.С.Тас­қари­наға, көркем гимнас­тика­дан Шымкент қалалық олим­пиа­далық резервтегі маман­дан­­дырылған балалар-жасөспі­рім­дер спорт мектебінің директоры Ә.М.Юсуповаға берілді.

 

Ал ІІ дәрежелі «Достық» ордені Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ драма театры­ның көркемдік жетекшісі Т.Д.Те­ме­новке берілсе, «Құрмет» ордені «Казморттрансфлот» ком­паниясының қаржылық дирек­торы А.Ү.Аққайсиеваға, Пре­зи­денттің көмекшісі Е.К.Жамау­баев­қа, Түркістан облысы­­ның кли­­никалық ауруханасының бө­­лім меңгерушісі Н.А.Жарқын­­­бекова­ға, композитор М.Д.Ілиясов­қа, Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Г.Қ.Қасымоваға, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Р.Кенжеханұлына, Мәдениет және спорт вице-министрі А.Р.Райымқұловаға, Мем­лекеттік күзет қызметі Пре­зидент оркестрі ән және эстрада ансамблінің жетекші солисі К.М.Төленбаеваға берілді.

 

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Б.Нұржанов атын­дағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС машинисі Ж.С.Баубеков, Ақ­мола облысындағы «Вик­торов­ское» ЖШС механизаторы О.В.Уфимцев марапатталса, «Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері» құрметті ата­ғы Астана қаласындағы «Астана Опера» мемлекеттік опе­ра және балет театрының опе­ра­лық труп­­­пасының жетекші солис­і М.Ж.Байнешке, Астана қала­сын­дағы Жастар театрының актері Д.С.Серғазинге, Алматы қала­сын­дағы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жастар театрының әртісі Л.З.Серіковаға берілді.

 

Соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова рәсім­ге қатысушыларды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және еңбекте табыс тіледі.

 

Авторы: Еркежан Айтқазы

19.12.2018 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz