қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.09.2019

Ханьшан педагогикалық университетінің делегациясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне келді

 

  

 

Осы жылдың 2-5 қыркүйек аралығында Ханьшан педагогикалық университетінің (КХР) делегациясы, Ву Юджонг - ҚКП Комитет Хатшысының орынбасары, Хуан Пейжен - халықаралық департамент директорының орынбасары, Шен Гуйлинь - өнер және дизайн факультет директорының орынбасары Абай атындағы ҚазҰПУ-ға келді. 18 жыл бойғы ынтымақтастық аясында екі серіктес университеттің профессорлары дәрістер оқу және мастер-кластар өткізу мақсатында іскерлік алмасуға белсенділік танытып, университет студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты.

 

Ханьшан педагогикалық университеті - болашақ ұстаздарды оқытуда мамандандырылған ең көне университет. Өзінің түпкі тарихымен ол Чаочжоу қаласының Гуандун шығыс провинциясында орналасқан. Ханьшань Академиясы 1090 жылдан бастап (Сун әулеті кезінде) құрылған кезде, 1903 жылы бастау алған (Цин әулетінің соңғы кезінде) университет қалыпты мектептен қазіргі формасын алды, және мұғалімдер дайындауда елдегі алғашқы және жалғыз провинциялық мектептердің бірі болды.

 

Делегацияның Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Т.Балықбаевпен, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоратымен ресми кездесулерінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және білім және ғылым саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын ілгерілету ұсынылды.

 

Екі университет әрі қарай жемісті ынтымақтастық орнатуға және білім беру бағдарламалары мен бірлескен халықаралық жобаларды әзірлеуді ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді.