17.04.2024
Абай университетінің ғалымдары Әндіжан мемлекеттік шет тілдер институтында дәріс оқыды
2024 жылдың 8-14 сәуір аралығында «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Абай университетінің Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысыАдлет Кариев Андижан мемлекеттік шет тілдері институтында (Өзбекстан) «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, педагогика және психология» кафедрасының 2-3 курс студенттерімен «Жалпы психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Педагогика және психология» пәндерінен сабақ өткізді. Сондай-ақ, А.Д. Кариев институт оқытушылары үшін 72 сағат көлемінде «Наукаметрия» негіздері, ғылыми жарияланымдар мен жобалық өтінімдерді дайындау әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Әндіжан мемлекеттік шет тілдер институтының басшылары Адлет Кариевтің кәсіби деңгейінің жоғары екендігін ерекше атап өтіп, институттың оқу және ғылыми-әдістемелік үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.
Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|