қазақша · русский · english
   
Оқу- әдістемелік бөлім
 Айтбаева Айгүлім Боранғалиевна
Оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы
п.ғ.к, доцент
Достық даңғ, 13
 +7 (727) 291-43-61
umo_2012@mail.ru

 

 Умирбекова Тоты Арыстанқызы
Оқу – әдістемелік бөлімінің бастығы

Достық даңғылы, 13
 291-43-61
umo_2012@mail.ru

 

 Умарова Элмира Арипджановна
Оқу – әдістеме бөлімінің әдіскері


 

 

 Малдыбаева Айша Алимходжаевна
Оқу әдістемелік бөлімнің әдіскері


 

 Нурсатова Эльвира Талгатовна
Оқу – әдістеме бөлімінің әдіскері


 

Университеттегі оқу-әдістемелік жұмыс ЖОО орнындағы білімді модернизациялауға, жекелей бағытты білім беруді іске асыру, мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты, студенттердің потенциялдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған.

Жұмыс оқу бағдарламаларының мазмұны мамандықтардың барлық деңгейлері мен оқу түріне сай мемлекеттік лицензияға сәйкес.Жұмыс оқу жоспарларының мазмұны 2009, 2010, 2011 ж.ж. мамандықтар ҚР 5.04.19-2011 «Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» ГОСО-сына, 5.04.033-2011 «ЖОО-нан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер» ҚР ГОСО-сына сәйкес, 5.04.034-2011-«ЖОО-нан кейінгі білім беру. Докторантура. Негізгі ережелер» ГОСО-сына  сәйкес жасалынған

2012/2013 оқу жылындағы педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарлары шет елдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірігіп жасалынған және олар қазіргі уақытта апробациядан өтіп жатыр. Білім беру және оқу бағдарламалары мамандардың әлеуметтік және кәсіби талаптарына сай жасалынған. Оқу жұмыс жоспарларының мазмұны мен ғылыми дәрежесі заманауи талаптарға сай келіп, университет дамуының Стратегиясымен келісіледі және барлық педагогикалық және де басқа да қажетті мамандықтардың мамандандырылған кадрларын дайындауды қамтамасыз етеді.

Басқа да бағыттағы мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарлары 2011 жылдың ГОСО негізінде жасалған.    Оқу жұмыс жоспарларын жасауда сапаның алға ілгерілегендігі байқалады, өйткені, базалық және мамандандырушы пәндерде педагогикалық мамандықтар бойынша үлкен академиялық еркіндік берілген. Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің сараптамасын қарастырсақ, пән аралық және мамандық аралық байланыстар, мамандарды дайындау дәрежесіне қойылатын талабының мазмұндары ГОСО талаптарына сай, сондай-ақ, мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының міндетті минимум мазмұнына да сай келеді.

Университетті мемлекеттік жалпыға ортақ білім стандарттарымен және типтік оқу бағдарламаларымен, бакалавриаттың, магистратура мен докторантураның барлық мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламаларымен жүз пайыз қамтамасыз ету. Типтік және оқу бағдарламаларының, мамандықтардың типтік және оқу бағдарламаларының, оқу үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуін, мамандарды заманауи талаптарға  және мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сай жасалғанын анықтайтын жұмыстар жасалынды.

Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылыми Кеңесімен бекітілген. Барлық оқу жоспарлары «оқу жоспарлары архиві»  электронды мәліметтер базасына енгізілген. Студенттердің мамандануы жоғары курстардан басталады, таңдау компоненттерінің оқу пәндері 3 кредит көлемінде бөлініп жасалынады.

Берілетін академиялық дәрежелер/квалификациялардың, мамандықтардың атаулары мен шифрлары мамандықтардың ҚР ГОСО- сына және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар классификаторына сай келеді.

Оқу уақытының нормативтері, білімді қорытынды бақылау, емтихандар саны, практиканың барлық түрінің уақыт көлемі, цикл бойынша оқыту пәндерінің саны және оларды оқыту көлемі оқу жұмыс жоспарларында ҚР ГОСО талаптарына сай келеді. Теориялық білім берудің көлемі ТОБ нормативтеріне сай келеді, демек, (бакалавриат үшін) 129 кредит, 34/28/18 кредит (оқытудың мерзімі мен бағытына қарай магистратура үшін), 30 кредит (PhD докторантура үшін). СРОП, СРО 20.04.2011 ж. № 152 «кредитті технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес күндізгі және сырттай оқыту түрлеріне арналған «Жалпыға білім беру пәндері», «Базалық пәндер», «Бағыттаушы пәндер» циклдары бойынша Кредит пен сағат санының мөлшерлемесі, байланыс сағаттары ешқандай қатесіз жасалынған.

ТУП-қа қосымша барлық мамандықтар бойынша элективті пәндер каталогы жасалып шықты, бұл өз кезегінде университет студенттерінің элективті оқу пәндерін таңдау кезінде көмекті қамтамасыз етеді.

Оқу-әдістемелік жұмыстың маңызды критерийлерінің бірі болып, жоғары оқу орындарына арналған оқытушы-профессорлардың жасаған оқу-әдістемелік материалдарын жасап және басып шығару болып табылады. Кафедра оқытушылары  мамандарды дайындау үшін практикалық (зертханалық) сабақтарды өткізу үшін, дипломдық және курстық жұмыстар үшін, практикадан өту бағдарламасы үшін ғылыми-әдістемелік тұрғысынан қамтамасыз ету үшін жыл сайын оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік құралдар шығарылады. Жыл сайын университет құрамындағы оқытушы-профессорлардың шығаратын оқулықтары, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кітаптар көлемі:

  • 2009 ж. - 178 бірлік, оның ішінде ана тілінде - 99;
  • 2010 ж. - 343 бірлік, оның ішінде ана тілінде - 198;
  • 2011 ж. - 287 бірлік, оның ішінде ана тілінде - 175;
  • 2012 ж. - 174 бірлік, оның ішінде ана тілінде - 162;

         Барлық электронды оқулықтар, оның ішінде виртуалды зертханалар веб- бағытталған болып табылады және Интернеттің корпоративті желісінде жұмыс істеуге мүмкін болатындай етіп университеттің білім беру порталына салынған.

Дайындықтың барлық бағыттары бойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешендері жасалынған және оқушылар үшін пәндердің оқу-әдістемелік кешені де жасалынған.  Пәндердің оқу-әдістемелік кешеніне пәндердің оқу-бағдарламасы, силлабус, лекция, семинарлық, практикалық, зертханалық жұмыстардың, лекциялар тезисі, рефераттар тақырыбы, курстық және дипломдық жұмыстар, СӨЖ бойынша тапсырмалар, ұсынылған әдебиеттер тізімі, мониторингке арналған материалдар мен оқушылардың білімін бақылауға, глоссарийге және басқа да оқушылармен жұмыс істеу ге арналған материалдар кіреді.

Пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары нақты пәннің мазмұны мен мақсатын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Жұмыс оқу бағдарламасын әр оқытушы әр пән бойынша нормативті құжаттар негізінде пәнді берудің әдістемесін ұдайы жақсарту мақсатында жасайды.

Жұмыс-оқу бағдарламаларының құрылымы мен толтырылуы «Ф КазНПУ 703-04-11 жұмыс-оқу бағдарламасына» сәйкес жасалынады.

Жұмыс-оқу бағдарламалары ғылымның жеткен жаңа жетістіктеріне, техника мен технологияның дамынуына, тұрақты тұтынушылардың сұранысына, түлектердің кәсіби және әлеуметтік заманауи сұраныстарына байланысты жаңаланып, толықтырылып отырады. Болашақ педагогтарды қазақ  патриоты етіп тәрбиелеу үшін, кәсіби даярлықты дайындауда университеттің мамандықтардың оқу-әдістемелік жоспарына «Ұлттық тәрбие», «Арттәрбие», «Білім берудегі инновация», «Отантану», «Іскерлік ағылшын тілі», «жеке және әлеуметтік сәттіліктің акмеологиялық негіздері » (бакалавриат студенттеріне арналған); PhD докторантурада - «Арнайы шет ел тілі», «ғылым және білім берудегі ақпараттық технологиялар» (дайындау бағыттары бойынша).

Жұмыс-оқу бағдарламалары кафедра отырысында талқылауға түсіп бекітіледі. Кафедра меңгерушісі бекітілген жұмыс-оқу жоспарының мамандықтар ГОСО-сына және типтік бағдарламаға сәйкес болуына жауапты. Кафедра отырысында бекітілген жұмыс-оқу бағдарламасы факультеттің әдістемелік кеңесінде қарастырылып, факультет Кеңесінде (институттың Ғылыми кеңесінде) бекітіледі. Факультет әдістемелік кеңесінің төрағасы мамандықтардың оқу-әдістемелік жоспарының сай болуына жауапты. Жұмыс-оқу жоспарлары факультет Кеңесінде бекітіліп, кафедра меңгерушісінің, деканның, оқу-әдістемелік проректордың қолы қойылуы керек.  

Егер жұмыс-оқу жоспарында практика қарастырылса, онда оқу бағдарламасында практиканың түрі, мазмұны, мақсаты мен мәні, өткізілуі мен сипаты байындалып, қысқаша мәлімет берілуі тиіс.