қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
 
Университет тарихы


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарихы
1928 ж. 1 кыркүйекте Қазақ мемлекеттік университеті атты бірінші қазақ жоғары оқу орны ашылды. Онда бір ғана факультет болды - педагогика факультеті, ол үш бөлімнен тұрды:
- физика-математика
- жаратылыстану
- лингвистика-педагогика
Үш факультетті қалыптастыру жоспарланды: педагогика, ауыл шаруашылық, медицина. Олар өз қызметін 1932-1933 оқу жылында бастауға міндетті еді. Халыққа білім беруді қарқынды дамыту үшін қайта ашылған ЖОО жеке педагогикалық институт ретінде жетілдіру қажет болды. Сондықтан 1930 ж. университет Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып аталды, ал 1935 ж. оған ұлы Абайдың есімі берілді. ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының бір қабатты ғимаратында орналасқан. Оқуға түсушілерге арнайы 5 айлық курстар жұмыс істей бастады, сонымен қатар педагогикалық техникум, педагогикалық училище және жұмысшыларға арналған факультет ашылды. Жоғарыда көрсетілген оқу орындарына көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалшылардың және орта шаруалар мен қызметкерлердің балаларының шектеулі саны қабылданатын болған. Республиканың халық ағарту комитетінің оқу орындарын аймақтық бөлу 1928 ж. өтті, институтқа қабылдау екі бөліктен тұрды: қыркүйек және қазан айларында. Нәтижесінде 124 адам қабылданды, оның 28 әйел адам. Студенттер құрамы көпұлтты болды. Олардың ішінде қазақтар саны - 76, орыстар саны - 42, басқа ұлттар өкілдерінің саны - 6 болды. 75%-ға жуық студенттер шәкірт ақымен қамтамасыз етілді. Мұқтаж болғандарға жатақханадан орын берілді. Студенттердің төмен деңгейдегі дайындығына байланысты оларға жалпы ғылыми пәндер бойынша атап айтатын болсақ, орыс тілі, қазақ тілі, математика, физикадан қосымша сабақтар өткізілетін болған. 1 курста 9 оқытушылар сабақ беретін болған, оның үшеуі профессор, бесеуі доцент, біреуі ассистент болған. Сол жылдардағы ҚазПИ-дың түлегі Т.Мусакулованың еске түсіруі бойынша, сол уақытта 20-40 жасар ересек адамдар білімді аңсаған еді. Институт халық арасында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізген. ҚазПИ жанында 190 тыңдаушысы бар жексенбілік институт қалыптасқан. Оқытушылар еңбекшілерге лекциялар мен ғылыми баяндамалар оқыған, институттың жанында сауатсыздықты жою мақсатымен мектеп ашылды. Қала тұрғындары арасында тақырыптық кештер, пікір-таластар, конференциялар және басқа да мәдени-ағарту іс-шаралары жиі өткізілетін болған. Кәсіби мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды жинақтау ҚазПИ-дің сол уақыттағы маңызды мәселесінің бірі болды. Бұл мәселе екі жолмен шешілді: мамандардың жартысы орталық ЖОО шақырылды, ал қалғандары жергілікті кадрлардан дайындалды. Институттың қалыптасуы мен дамуына туыс республикалардың көптеген оқу орындары, атап айтатын болсақ Мәскеу мен Ленинградтың ЖОО үлкен үлесін қосты. Олар өз кітапханалары және кабинеттерге арналған құралдарымен бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге атақты ғалымдар, мысалы: әдебиеттанушы Н.Н.Фатов, математик Б.Л.Кругляк, физик В.Ф.Литвинов, биолог С.В.Логинов, эмбриолог А.А.Захваткин және т.б. келген. Сол жылдары институтта қазақ халқының көрнекті өкілдері Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жүргенов және т.б. жұмыс істеді. Соғыс жылдарына дейінгі уақыт ЖОО үшін қыметтің қалыптасуы мен дамуы ең маңызды кезең болды, соның қабырғасында дайындалған мұғалімдер санының өсуі байқалды, кадрларды дайындау сапасы жақсартылды, студент жастарды тәрбиелеу мен оқыту дәстүрі қалыптастырылды. Институт ғылыми ой орталығының бірі болып табылды. Бұл жерде Қазақстан тарихының дамуы мен қазақ тілі және әдебиеттің мәселелері қарастырылды, жаратылыстану ғылымдары саласында алғашқы зерттеу жұмыстары басталды. Институт үшін Ұлы Отан Соғысы жылдары қиын жылдар болды. Соғыс жылдарының қиындығына қарамастан студенттер қайсарлықпен білім алды. Көптеген оқу пәндері бойынша ғылыми және әдістемелік оқытудың деңгейі көтерілді, оған себеп соғысқа байланысты Алма-Атаға көшірілген СССР әр түрлі қалаларынан шақыртылған ғалымдар. Олардың құрамында келесі академиктер И.И.Мещанинов, В.И.Чернышев, В.Г.Фесенко, профессорлар А.А.Глаголов, М.Рубинштейн, И.А.Палунск, Р.А.Фридман және т.б. болды. Соғыс жылдары еңбектегі ерліктері үшін институттың онға жуық оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Отанның жоғары жүлдесі Совет Одағының Батыры атағына ие болды: Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Рахымжан Тоқтаев, Ахмедияр Хұсайнов, Саду Шакирим.
Соғыс жылдарынан кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің қызметінің барлық салалары сапалы өзгерістерге ұшырады, ол Қазақстанның экономика және мәдениетінің дамуы жаңа кезеңінің белгілі мақсаттарына байланысты. Осыған сәйкес оқу-тәрбие қызметінің әдістері мен тұлғалары, ғылыми мәселелер және институттың құрылымы белгіленді. Профессор-оқытушылар құрамының мақсаты - таңдаған мамандықтары бойынша терең ғылыми білімді меңгеру, кәсіби қасиетті жәнемұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Мектептегі кәсіби мұғалімдерге сұраныстың өсуінебайланысты институтқа студенттерді қабылдау кеңейтілді. Егер соғыстан кейінгі 1946 ж. 1 курстың күндізгі бөліміне 362 студент қабылданса, ал 1956 ж. оның саны 567-ге өсті. Мәселені шешу үшін АлМУ мамандарды дайындауды халықаралық стандарттарға сәйкестендіреді. Жоғары оқу орны 1993/94 оқу жылынан бастап кадрларды дайындау үшін көпдеңгейлі жүйеге, сондай-ақ екікезеңдік білім берудің "4+2" моделі бойынша өтеді. 1 кезең - бакалаврлық атаққа иелік ету үшін 4 жыл дайындық, 2 кезең - болашақта аспирантураға түсу мақсатымен магистр атағына ие болу 2 жыл дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар мамандарды дайындау құрылымы қайта қаралады. Соңғы жылдары "Банк ісі", "Салық салу", "Маркетинг және сауда", "Шығыстану", "Араб тілі", "Мүсін", "Информатика және ағылшын тілі", "Биология-психология", "Халықаралық туризм", "Халықаралық хұқық", "Психология" сияқты жаңа мамандықтар ашылды. Факультеттер мен кафедралар да құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Екі факультет құрылды: халықаралық қатынастар және қаржы-экономика. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жаңа мамандықтар бойынша қажетті кафедралар құрылды.

 

 

 
 
 
Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер
  • Ұйымдастырушылық құрылым

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Нормативті - құқықтық құжаттар
  • Талапкерлерге
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Мансап бөлімі
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңберлері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы №1 филиалы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Талапкерлерге
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Институттар мен факультет бойынша Ашық есіктер күндерінің кестесі
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті