қазақша · русский · english
 
 
 

 

Университетте қалыптасқан ғылыми мектептер туралы айтқанда, алдыңғы кезекке педагогикалық ғылымдар жүйесін қоямыз. Оның қарқынды дамып, қалыптасуы ХХ ғасырдың 40-80 жылдары басталды. Осы жылдар ішінде білім беруді дамытудың ірі тарихи-педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік мәселелері Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, С.А.Ситдыков, А.И.Сембаев, Қ. Бержанов, С.Мусин, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Р.Д.Иржанова, Г.М.Храпченков, К.К.Кунантаева, Қ.Б.Жарықбаев, Х.Қ.Арғынов, М. А.Кудайкулов, А.П.Сейтешев, Т.С.Сабиров және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылды.

 

40-шы жылдары Қазақстанның педагогикалық ғылымын дамытудағы маңызды кезең Ресей орталығынан ғалымдар тобының шақырылуы болды. Олардың ішінде профессор Р.Г.Лемберг болды. Қазақстанға жіберілмес бұрын (1937ж.) оның 13 жыл педагогикалық қызметі А.И.Герцен атындағы институттың қабырғасында өтті. Абай атындағы ҚазПИ-дің қабырғасында ол алғашқы ғылыми мектеп құрды. Осы мектептің ғалымдары мен ізбасарлары Қазақстанда кеңінен танымалдылыққа ие болды, атап айтсақ олар: Қ.Б. Бержанов, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Р.Д.Иржанова, И.М. Кузьменко, Б.Р Айтмамбетова, Б.И. Мұқанова, А.А.Бейсенбаева, Т.С. Сабиров, Г.К. Байдельдинова, Н.Д. Иванова, Э.И. Шныбекова және т.б..

 

Р. Г. Лембергтің ғылыми-зерттеу саласында жеткен жетістіктері 40-50 жылдары КСРО-да аса өзекті және маңызды кешенді жалпыдидактикалық мәселелерін қалыптастырудың бастауында тұрған оқушылардың оқу қызметін жандандыру, оқыту әдістері, сабақ типологиясы және оларды өткізу барысын оңтайландыру арқылы танымдық үрдістің барлық буындарының логикалық байланысын жүзеге асыру бүгінгі күнге дейін де сұранысқа ие болып табылады.

 

Педагогика тарихы саласындағы зерттеулердің пионері ретінде педагогика ғылымдарының докторы, ҚазКСР ҒА академигі Т. Тәжібаевты атауға болады. «ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанда педагогика мен психологияның даму тарихы туралы» атты өзінің іргелі ғылыми еңбегінде ол ұлы ғалымдар мен ағартушылар Абай, Шоқан Уәлиханов және Ыбырай Алтынсариннің ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріне негізделген дәстүрлі «халық педагогикасы» мен педагогиканың, психологиялық-педагогикалық көзқарастарының өзара жүйелі байланысы мен сабақтастығы туралы жазған.

 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ. Б. Бержанов тарихи-педагогикалық саланың дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның зерттеулері ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанның ағартуын дамыту үшін алдыңғы қатарлы орыс мәдениеті мен қоғамдық ойдың прогрессивті мәнімен тығыз байланысты. Профессор Қ.Б.Бержановтың жетекшілігімен 35 адам педагогика ғылымдарының кандидаты атанды.

 

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері (1941 жылдан 14 жыл аралығында Қаз ССР халық ағарту комиссарының міндеттерін атқарды), ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының докторы, КСРО ПҒА корреспондент-мүшесі, профессор А.И.Сембаев та біздің университет қабырғасына елеулі із қалдырды. Мұрағат материалдары мен статистикалық мәліметтерді кеңінен пайдалану оған республикадағы мектеп жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдерін қадағалауға, оның ерекшеліктерін анықтауға, кеңес өкіметі жылдарында республикадағы педагогикалық кадрларды даярлау динамикасын көрсетуге мүмкіндік берді («Қазақстандағы Кеңес мектебінің даму тарихы» монографиясы).

 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, дарынды педагог, 25 жыл бойы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында педагогика кафедрасын меңгерген Г.А.Уманов кәсіби білім беруді дамытуға және республиканың орта және жоғары оқу орындары үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға маңызды үлес қосқан. Оның «Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім берудің құрылу тарихы мен даму үрдістері», «КСРО-дағы кәмелетке толмағандардың қылмыстылық себептері», «Қиын балалар» атты жұмыстарын ерекше атап өткен жөн. Оған мектеп базасында ғылыми-оқу-әдістемелік кешендер (НУМК) құру идеясы тиесілі (1988). Оның жетекшілігімен 90-нан астам кандидаттық және 22 докторлық диссертациялар қорғалды. Оның АҚШ, Германия, Франция, Ресей, Израиль, Швейцария, Жапонияда басылып шыққан 120-дан астам ғылыми жұмыстары жарияланды.

 

Абай атындағы ҚазПИ-дің қабырғасында (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) п. ғ. д., профессор Н.Д.Хмельдің ғылыми-педагогикалық мектебі қалыптасты, педагогикалық іс-әрекет объектісі ретінде тұтас педагогикалық үдерісті орнату оны құрудың теориялық алғышарты болды, оның шегінде педагогтар мен оқушылар қызмет субъектілері болып табылады. Бұл бағыттағы қазақстандық зерттеушілер жалпыодақтық «мұғалім» бағдарламасына кірді (1986-1996 жж.).

 

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары маңызды міндет дамып келе жатқан қазақстандық қоғамның ұлттық, экономикалық және рухани-мәдени қажеттіліктеріне сәйкес әлемдік үрдістер контекстінде ҚР педагогикалық кадрларын кәсіби даярлаудың жолдары мен құралдарын тұрақты іздеу болып табылады. Осы мәселелерді шешуге Т.C.Садықов, А.П.Сейтешев, А.А. Бейсенбаева, К.К.Жампеисова, Г.К.Нұрғалиева, Н.Н.Хан, Г.Т. Хайруллин, А.Е.Әбілқасымова, Е.У.Медеуов, А.Н.Ильясова, В.Г. Храпченков, Б.А.Әлмұхамбетов, Р.К.Бекмағамбетова, А.К.Сатова, Л.Н.Нарикбаева және басқалардың зерттеулері елеулі үлес қосты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылған жылдары ғылымның басқа да көптеген бағыттары бойынша ғылыми мектептер қалыптастырған ғалымдар: филологияда (Н.Қ.Келімбетов, Х.А.Әдібаев, Л.К.Жаналина, З.К. Ахметжанова, Л.П. Шеляховская, А.Л. Жовтис, Ф.Ш.Оразбаева), философия және әлеуметтік ғылымдарда (Қ.Ш.Шүлембаев, Ғ.Есім, М.Сәбит, Р.Б.Абсаттаров), тарихи ғылымда (Т.С.Садықов, М.Қ. Қойгелдиев, Е.А.Кузнецов), физика-математика және жаратылыстану ғылымдарында (Г.А.Уалиев, Е.Ы.Бидайбеков, Э.Г.Боос, М.А.Бектемесов, М.Қ.Құлбек, Б.А.Қожамқұлов, А.С.Бейсенова). Қазақстанда өнер және мәдениет саласында танымал суретшілер: Төлепбай Ерболат, Нұрлыбаев Мұратбек, Нарымбетов Молдақұл, Владимир Власюк, Алексей Бегов; спорт саласында - ғылым докторлары, профессорлар Қ.И.Адамбеков, А.К.Караков, Л.Р.Құдашева, М. С.Хлыстов және басқалар жетекшілік еткен ғылыми бағыттар қалыптасты.

 

 

 

 

 

 

4711
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler