қазақша · русский · english
   
Халықаралық гранттар

Халықаралық гранттар


Шетелде білім алу мүмкіндігі бүгінде орындалмайтын арман емес. Нақты мақсатты көздеп, алға - білім мен табыс жолына ұмтылғандар үшін әлемнің барлық елдерінің ең беделді университеттері мен колледждерінің есігі әрдайым ашық. Осы мақалада шетелдің жоғарғы оқу орындарында қандай бағдарламалар бойынша білім алуға болатындығы туралы ақпарат берілген. Өз қалауыңыз бен қызығушылығыңызға сай келетін бағдарламаны таңдау аса маңызды.

 

DAAD 


15 жылдан астам уақыт бұрын Академиялық Алмасудың Германдық Қызметі (DAAD) Қазақстанда өз жұмысын бастады. Осы уақыт ішінде 1 500-ден астам қазақстандық студенттер, мамандар және ғалымдар DAAD стипендиясы бойынша зерттеп, оқыды. Ондаған неміс ғалымдары мен оқытушылары қазақстандық университеттерде жұмыс істеді.
DAAD бюросы/Ақпараттық орталығы Қазақстан-Неміс университетінде мына мекен-жай бойынша орналасқан: Пушкин көшесі, 111/113,
050010 Алматы
Тел.: 727 293 90 35
Факс: 727 293 89 23
Біз мынадай тақырыптар бойынша кеңес береміз:

  • Германияның жоғары оқу орындарында оқу
  • Германиядағы оқу туралы ақпарат
  • Жоғары оқу орындары, оқу курстары және қабылдау шарттары туралы ақпарат
  • DAAD және басқа да неміс ұйымдарының стипендиялары
  • Стипендиалды бағдарламалар туралы ақпарат
  • Құжаттарды құрастыру жөніндегі кеңестер
  •  Германиядағы зерттеулер
  • Ғылыми жетекшіні іздеудегі көмек
  • DAAD стипендиялары және басқа мүмкіндіктер туралы ақпарат
  • Құжаттарды құрастыру жөніндегі кеңестер

Университеттерге біз неміс университеттерімен бірлескен жұмыста және DAAD стипендиясы бойынша Германияға студенттік сапарды жоспарлаған кезде көмек ұсынамыз.
Жұмыс уақыты:

 

Дүйсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Кеңесті сондай-ақ мына телефон: 727 293 90 35, немесе электронды пошта: daad@mailbox.kz бойынша алуға болады.

 

ERASMUS+ 


Эразмус+ - Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы.
Ағылшын тіліндегі толық ақпаратты мына сайттан көруге болады:http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm. Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр. Бұл бағдарлама 2007-2013 жылдарда жұмыс істеген Өмір бойы білім алу бағдарламасы (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), Жастар іс-қимылы, бес халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсіп дамыған елдермен ынтымақтастық бағдарламасы) сияқты бағдарламалардың біріктірілуінен жасалған. Еуропалық Одақтың негізгі бастамаларының мұндай бірлестігі Бағдарламаның құрылымын ұтымды етуге ықпал етеді, алдағы уақытта гранттарға өтініш беру барысын жеңілдетеді, қаржы құралдарын қолдану тиімділігін арттырады және қайталауларды болдырмауға, қолданыстағы бағдарламалардың бөлшектенуін болдырмауға ықпал етеді.Бағдарламаның Халықаралық өлшемі (яғни серіктес елдермен әріптестік) әріптестік мүмкіндігі бар жоғары білімге, жастар саясаты саласына басым көңіл бөледі. Жоғары білім беруде екі бағдарлама (Бірлескен магистерлік дәреже және Жан Моне бағдарламасы) ЕО ішкі бюджетінен қаржыланады. Басқа екі бағдарлама (кредиттік тұтастық және мүмкіндіктерді арттыру)сыртқы әріптестікті дамыту қорынан қаржыланады.

Эразмус+ бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Сіз Эразмус+ бағдарламасы туралы нұсқаулықтан таба аласыз.

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТ

Шайзада Өмірзаққызы Тасболатова. Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі

Телефон: +7 727 2669407
Факс: +7 727 2663956
Email: neo@erasmusplus.kz nc@erasmusplus.kz