қазақша · русский · english
   
Институттағы маңызды іс-шаралар

 

ТӘН СҰЛУЛЫҒЫ - ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ!


Елбасының саламатты қоғамды қалыптастыру саясатын қолдау, университет ұжымы мен студент-жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ағымдағы жылдың 30-шы қараша және 1-ші желтоқсан күндері ұйымдастырылған жалпыуниверситеттік «Тән сұлулығы - Ұстазда» атты спорттық фестиваліне Тарих және құқық институтының профессор-оқытушыларның құрама командасы және студенттері арасында іріктелген команда мүшелері спорттық ойындардың барлық түрлеріне белсене қатысты.

 

Спорттық ойындар нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте институтының профессор-оқытушыларның құрама командасы шахматтан 3-орын, арқан тартыстан 3-орын иеленсе, студенттер арасында ұйымдастырылған спорттық жарыстар қорытындысы бойынша қазақша күрестен 1-орын, үстел тенисінен 1-орынды ұтып алып, университет ректорының грамотасымен марапатталды. 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай орайластырылған бұл шара жастардың спортқа деген талпыныстарын арттырып, ұжымдық бірлікті нығайта түсті.

 

  

 

  

 

  

 

 

 

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ - ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ!


Тарих және құқық институтының 1-курс студенттерімен 2017 жылы 21 қараша күні «GOLD STAR - 2017» атты ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталған шара барысында институт директоры, профессор Б.С.Жұмағұлов мырза 1-курс студенттерін салтанатты түрде Студенттік қатарға қабылдануларымен құттықтай отырып, университет пен институттың ғылыми және қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысқан оқытушылар мен студенттерге Алғыс хат табыстады.

  

 

  

 


СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ (ОЖСБ/ВОУД) ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ!

Тарих және құқық институтының студенттерімен 2017 жылы 21 қараша күні «GOLD STAR - 2017» атты ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында институт директоры, профессор Б.С.Жұмағұлов мырза ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ағымдағы жылдың қараша айында өткізілген студенттердің оқу жетістігін сырттай бағалаудың (ОЖСБ/ВОУД) нәтижесі көрсеткендей өзіне жүктелген пәндер бойынша жоғары балл алған 4-курс студенттеріне салтанатты түрде Алғыс хат табысталды.

  

 

  

21-қазан 2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында университеттің ректоратының ұйымдастыруымен «Денсаулық - 2017» спартакиадасы өткізілді. Онда университеттің профессор-оқытушыларының арасындағы спорт ойындарынан өткен жарыстарға Тарих және құқық институтының құрамындағы Мемлекеттік және азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының ұжымы белсене қатысты.

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


 

5В011400-Тарих мамандығының 1-курс студенті Хауметова Гүлсезімнің университет ректоры, профессор Такир Оспанұлымен шахмат ойнау сәті

 

 

 

ШАХМАТ ОЙЫНЫНАН 3-ОРЫНДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

500 М ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

 

Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің 2016-2017 оқу жылына арналған  жұмыс жоспары

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000жылдық мерейтойына орай "Болашақ Біртұтас Ел"жалпыұлттық ақпараттық науқаны аясында "Біз салауатты өмір салты үшін!" атты ұлттық ойындар біріншілігі (презентация)

 

Тіл мерекесіне орай өткізілетін « Тіл-халықтар достығының тірегі » атты мерекелік - танымдық акция БАҒДАРЛАМАСЫ (презентация)

 

 

ЖҰМАДАҒЫ ЖЫЛУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 03 желтоқсан - Мүгедектерді қолдау күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің №5 жатақханасында тұратын Тарих және құқық институтының студенттері, магистранттары мен докторанттары институт директоры, профессор Болат Сағидоллаұлы Жұмағұловтың бастамасымен  және Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты басқармасының қолдауымен 2016 жылдың 02 желтоқсанында «Жұмадағы жылулық» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Аяз атамен Ақшақар кейпінде киініп барған қайырымдылық шарасы Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты мүгедек балаларға арналған №2 Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балғын сәбилерге арналды. Мекеме басшысы Латифа Хамзақызы Қожамқұлова қарамағындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындарға  бағытталған іс-шараға өз ұжымы тарапынан шексіз ризашылықтарын айтып, университет ұжымының атына өз алғыстарын жеткізді. Қайырымдылық акциясына қатысқан университет білім алушылары рухани жағынан айтарлықтай сезімге беріліп, сәбилерге қуаныш сыйлап қайтты. 

 

 

2016 жылдың 18 қазанында Тарих және құқық институтында 1 курсқа қабылданған студенттерді салтанатты түрде Студенттік қатарға қабылдау рәсімі өткізілді. 2016-2017 оқу жылында оқуға қабылданған студенттерге студенттік билеттер таратылды. 2015-2016 оқу жылында оқуға қабылданып 2 курсқа көшкен институт студенттеріне «Нұр-Отан» партиясының мүшелік билеттері табысталды.

 

ТІЛІ ЖОЙЫЛҒАН ЕЛ - ТІРІ ЖОЙЫЛҒАН ЕЛ

22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі аясында 2016 жылдың 23 қыркүйегінде университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті мен Тарих және құқық институтының Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен №10 оқу ғимаратының фаесінде университет деңгейінде «Тіл - халықтар достығының тірегі» атты мерекелік-танымдық акция өткізілді. Тіл мерекесіне орай қыркүйек айының 16-22 жұлдыздары аралығында өткізілген апталықтың қорытынды кезеңінде Тарих және құқық институтының Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің концерттік бағдарламасы тамашаланып, институт студенттері көпұлтты мемлекетіміздің ынтымағы ұйысқан бірлігі мен әрбір ұлттың өзіне тән ерекшеліктерін көрсете білді. Мерекелік шара барысында университеттің тәрбие ісі жөніндеі проректоры, профессор Ж.Е.Ішпекбаев және Тарих және құқық институтының директоры, профессор Б.С.Жұмағұлов белсенділік танытып, өз өнерімен оза шыққан университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерін университет басшысының атынан марапаттады. Марапаттауға ие болған университет студенттері Абай атындағы ҚазҰПУ өнерлі жастары құрамасына іріктелді. Мерекелік шара кезінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы А.Н.Абдыхалықов, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор М.К.Төлековалар құттықтап, шараға белсене ат салысқан барлық институттың белсенді студенттері мен топ басшыларына «Жайдарман» республикалық КВН ойындарын тамашалау үшін билеттер табысталды.