қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.02.2019

Ректор Кубогына арналған «ABAI UNIVERSITY CUP» турнирі

 

Жастар жылы аясында, 2-3 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласының 8 ауданынан ұлдар мен қыздардан құралған 16 мектептің командалары, 250 оқушы қатысатын Ректор Кубогына арналған «ABAI UNIVERSITY CUP» волейболдан турнир өтеді.

 

Дәстүрлі іс-шараның мақсаты жас волейбол сүйер оқушылардың спортқа деген ынта-жігерін қолдау мен отандық волейболдың маңыздылығын арттыруға бағытталады.

 

Турнир аудандардан іріктелген ұлдар мен қыздардан құралған командалардың қатысуымен екі күн бойы олимпиадалық жүйемен өтеді. Іс-шараны қолдауға отандық волейболдың ардагерлері мен кәсіби спортшылар қатысады. Қатысушы жастарға университет тарапынан бағалы сыйлықтар мен арнайы Кубок сарапқа салынады.

 

Турнирдің өтетін орны: №1 спорт кешені (Қазыбек би - Уәлиханов көшелерінің қиылысы) және Спартак спорт кешені (Орталық қалалық саябақ)

 

Турнирдің өтетін уақыты: 2 наурыз сағ.10.00-15.00; 3 наурыз сағ.09.00-13.00


Қосымша ақпарат: үйлестіруші Ж.Мұхашев, 8775 400 0003.

 

 

 



284

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler