қазақша · русский · english
 
 
 
19.03.2018

Біздің біліміміз - біздің елге


2018 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы «Біздің біліміміз - біздің елге» республикалық акциясын Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Болашақ» бағдарламасының түлегі Болатбек Джунусов, яғни «Эйр Астана» АҚ электрондық коммерция жобалары және операциялық мәселелер бойынша менеджерінің қатысуымен өткізді.


«Біздің біліміміз - біздің елге» - студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және оқытушыларға арналған «Болашақ» бағдарламасының табысты түлектерінің қатысуымен өткізілетін ашық сабақтар, дәрістер.


Дәрістің мақсаты «Болашақ Дәрістері» және «Зияткерлік ұрпақ» жобасының бірігу арқылы жас ұрпаққа Қауымдастық мүшелері мен «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің білім беру және тәжірибемен бөлісу болып табылады.

 

       

 

       

 

       




Кері оралу