қазақша · русский · english
 
 
 
26.06.2017

 

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2017 жылдың 20-22 маусым аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасымен бірлестікте «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында қолданатын вариативтік бағдарламалар» тақырыбындағы балабақша тәрбиешілеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізді.

             Семинардың мақсаты: Балабақша тәрбиешілерінің кәсіби деңгейлерін арттыру, білім беру процесінде мектеп жасына дейінгі балалардың оқу икемділігі мен машығын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану.

            Семинар бағдарламасында тыңдаушылар Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі тенденциясымен таныстырылады. Тыңдалып, талқыланатын тақырыптар: мектепке дейінгі ұйымдардағы вариативті бағдарламаларды ұтымды пайдалану, балалардың дамуын психологиялық-педагогикалық диагностикалау, мектеп жасына дейінгі балалардың рухани тазалық ұстанымдарын қалыптастыру жолдары, балалардың нәтижесін бағалау түрлері.

      Дәріскерлер құрамы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика», «Жалпы және қолданбалы психология» және жалпы университеттік «Мәңгілік ел және өзін-өзі тану» кафедраларының оқытушылары мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамынан тұрды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler