қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2017

 

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ


6 желтоқсан 2017 жылы кафедрадағы ашық сабақ жүргізу кестесіне сай, п.ғ.к., аға оқытушы Кунслу Тусубекова "5В050300 - Психология", мамандығы 4 курс, қазақ бөлімі студенттерімен «Тұлғаны зерттеудің проективті әдістері" пәні бойынша "Тұлға. Проекция. Әдіс" тақырыбында ашық сабақ өткізді.


Сабақ интерактивті режимде, топтық және жеке жұмыс түрін пайдалана отырып, қызық өтті. Оқытудың заманауи технологияларын қолдана отырып, студенттердің оптимистік рухын ояту мақсатында "Өзінің ең жақсы қасиеттерінді ата" тренингі өткізілді, барлық өткен тақырыптар бойынша интерактивті тақтада сөзжұмбақ құрастырылған, сөзжұмбақтың дұрыс жауабын автоматты түрде ұяшықтарға енгізу қарастырылған, студенттің сабаққа дайындаған «Тұлғаны зерттеудің прективті әдістері" тақырыбы бойынша слайд көрсетіле отырып, сергіту сәтінде психологиялық әдістемелерді қолдана отырып, "Сәлемдесу" тренингі өтті. Инсерт, Үш қалпақ, "Постер" әдістемелері қолданылды.


Сабақ барысында тағайындалған студент-спикерлер әрбір білім алушыға бағалау процесін жүргізді. Ол белсенділік танытқан білім алушыларға жетондар үлестіріле отырып, әрбір жинаған жетонға бір балл беріліп, сабақ соңынан толық нәтижесі айтылды.


Сабаққа кафедраның ПОҚ құрамы қатысты. Ашық сабақ соңынан, талқылау жүргізіліп, кафедраның ПОҚ өткізілген ашық сабақ туралы өз пікірлерін білдірді. Жалпы алғанда, өткізілген ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

 

  

 

  

 

  

 

  

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler