қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2019

«Империядағы кеш»


27 ақпан күні Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика» кафедрасының оқытушылары: аға оқытушы, PhD доктор Мейрамкүл Сұраншиева мен аға оқытушы, PhD доктор Әсем Бүлшекбаева «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-2 курс (қазақ бөлімі) эдвайзерлік топтарымен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өткен Серік Асылбекұлының «Империядағы кеш» драмасын тамашалап қайтты.

 

Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл тұста студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде театрдың алар орны ерекше.

 

Осы мақсатта топ эдвайзерлері студенттерді қаладағы өнер ошақтарына жиі апарып, мәдени құндылықтарының қалыптасуына ықпал етуде.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler