қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2019

«Рухы мықты жастармыз» педагогикалық жасақтың республикалық слеты


2-5 сәуір аралығында Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогикасы кафедрасына қарасты мамандықтарда оқытылатын студент жастарынан құрылған команда мүшелері аталмыш кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева мен кафедраның аға оқытушысы Сағыныш Ошақпаеваның жетекшілігімен Қапшағай қаласында «Балдаурен-Қапшағай Республикалық оқу сауықтыру орталығы» базасында өткен «Рухы мықты жастармыз» педагогикалық жасақтардың республикалық слетына қатысты.


«Абай жастары» деген атпен Университетіміздің намысын қорғауға шыққан біздің студенттер слет талаптарына сәйкес қызықты концерттік бағдарлама және жаңа топтық жұмыс түрлері турларында көрермен қошеметіне бөленді. Біздің студенттер слет барысында орталықтың ұйымдастыруымен болған «Паперкрафт» пен «Гончарлық шеңбер» сынды өте қызықты шебер сыныптардың куәсі бола алды. Сондай-ақ, психологиялық тренингтер мен «Сүйікті Отаным» дөңгелек үстелінде қатысушылар ретінде пікір алмаса отырып белсенділік таныта білді. Бағдарламаның спроттық жарыстар бөлімінде қарастырылған садақпен ату, волейбол, тоғыз құмалақ, шахмат ойындары бойынша жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.

 

«Рухы мықты жастармыз» педагогикалық жасақтың республикалық слетының сарапшы мамандарының есептеулерінің қорытынды нәтижесі бойынша студент жастарымыз топты жарып жүлделі І орынды иеленді.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler