қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2019

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» семинар-тренингі

 

2019 жылдың 15 сәуірінде Педагогика және психология институтының «Педагогика кафедрасының апталығы» аясында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

 

Тренингтің мақсаты - болашақ мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлау қабілеттіліктерін дамыту.

 

Тренингті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Үздіксіз білім беруді дамыту орталығының меңгерушісі, доцент Зауреш Имжарова (бұрынғы педагогика кафедрасының ізденушісі, ғылыми жетекшісі Қорлан Жампеисова) өткізді.

 

Тренинг-семинар жоғары деңгейде өтті, студенттер мұндай сабақтардың мүмкіндігінше жиі өткізіліп тұруы туралы тілек білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler